Осы кеңейтілген алқа отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Бүгінде азық-түлік бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы реттеу көзделіп отыр. Ол үшін фермерлерге 4 пайыздық, ұзақ мерзімді несиелер берілмек.Ақпан айынан бастап жобаны іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Қазір әр өңірден сұраныс жинап, үлкен жоспар дайындалуда. Солтүстік Қазақстанның кейінгі екі жылдағы тәжірибесі өте тиімді болды. 2021 жылдан бастап республикалық бюджеттен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға республикалық бюджеттен 4 пайыздан төмен мөлшерлемен ақша алып, сосын ұзақ мерзіммен, 4 пайызбен азық-түлік өнімдерін өндіруге ақша берілді. Қаражаттың арзандығы және ұзақ мерзімге берілуі сүтті тауарлы фермаларды, ет бағытындағы құс фабрикаларын қаржыландыруға мүмкіндік берді. Әр өңірдің азық-түлік өндірудегі әлеуеті зерттеліп жатыр. Облыстардан түскен сұраным негізінде қай өңірде қандай салаға 4 пайыздық несие берілетінін нақытылап жатырмыз.Негізі осыны көбейтіп, бұл тәжірибені Қазақстан бойынша әрбір өңірге таратамыз», – деп мәлім етті.