Фируза Кэтидің бар белбеуін тартып алмақшы

Фируза Кэтидің бар белбеуін тартып алмақшы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова алда болатын жекпе-жекте Кэти Тейлорды жеңетінін мәлімдеді. Кездесу 11 желтоқсанда Ливерпульде өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Бокс тарихында апсеттер өте көп. Мысалы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен Энди Руис арасындағы кездесуде Джошуа жеңіске жетеді деп күтілген. Алайда Руис жетінші раундта техникалық нокаутпен басым түскен еді. Бұндай апсеттер Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Владимир Кличконың да кәсіби мансабында орын алған. Фируза алдағы кездесу жайлы пікір білдіріп, Instagram парақшасында жазба жариялады. Сол жазбада ол: «11 желтоқсанда жыл апсетін жасаймын. Кэти Тейлордың барлық белбеуін тартып алып, Қазақстанға алып келемін. Оған ешкім көмектесе алмайды. Тіпті рингке Конор МакГрегор шықса да, екеуін бірге нокаутқа түсіремін», – деп жазды ол

Ермек САХАРИЕВ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4929
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22155