“Freedom QJ” лигасының ашылуы

“Freedom QJ” лигасының ашылуы
Бүгін Жамбыл облысының орталығындағы «Жастар» стадионында “Freedom QJ” лигасының ашылуы өтті.
📍Салтанатты бөлімде Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, футбол ардагері Анатолий Бельский, “Freedom QJ league” өкілдері ойыншыларға сәттілік тіледі.
🔹Шара барысында «Тараз» футбол клубының тарихына қатысты викторикалық сұрақтар бойынша арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
🔹Бұдан соң жергілікті “Тараз” футбол командасымен павлодарлық «Ақсу» командасының кездесуі өтті. Тартысты өткен ойын барысында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
🔹Айта кетейік, “Freedom QJ” лигасы аясында Қазақстанның кәсіби футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу жолға қойылған. Жеңімпаздар УЕФА жасөспірімдер лигасында Қазақстанның атынан бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
✅2023 жылғы маусымда чемпионатқа 2006 жылы туған (U-18 жас санаты) ойыншылардан құралған Қазақстанның ең мықты 12 жасөспірімдер командасы қатысуда. 2025 жылға қарай жоба республиканың барлық облыстарын қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, қыздар лигасын іске қосу жоспарланған.
Жамбыл облысы әкімдігі
23.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553