Фристайл: Олимпиадада ерлік жасаған Колби

Фристайл:   Олимпиадада ерлік жасаған Колби

Америкалық фристайлшы Колби Стивенсон 2016 жылы жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алып, ес-түссіз жатқан ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның бас сүйегі отыз жерден сынғанын анықтап, туыстарына тірі қалуы екіталай екенін хабарлайды. Әсіресе, мидағы ісік ақ халаттыларды қатты алаңдатқан еді. Үш күннен соң Колби комадан оянып, қасында отырған анасынан тоқтаусыз кешірім сұрай бастайды. Өзінің ерік жігері мен мықты рухының арқасында спортшы бес айдан соң қатарға қосылып, шаңғымен жаттығуды бастап кеткен болатын. Ал жақында Бейжің Олимпиадасында күміс медаль иеленіп, адам баласы үшін алынбайтын қамал жоқ екенін дәлелдеді. «Маңдайымдағы шрам мен басымдағы сынық болмаса, бәрі жақсы. Бірақ осы апаттың болғаны дұрыс екен. Мен осыдан соң көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Бұрын көңілді кештерден босамайтын едім, қазір әжеммен карт ойнау, туыстарымның қасында отыру үлкен бақыт. Бұл апат осы бақыттың орнын айшықтап берді», – дейді Колби. Бейжің Олимпиадасында Колби Стивенсон фристайлдың биг-эйр түрінен күміс медаль жеңіп алды. Спортшының бұл ерлігін Халықаралық Олимпиада комитеті де мойындады.

 

Ермек САХАРИЕВ
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4781
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4947
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19897
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18550
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22005