Футбол: Катар – әлем назарында

Футбол:  Катар –    әлем назарында

Биылғы жылы футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде бірқатар сенсациялық нәтижелер тіркелді. Мәселен, Криштиану Роналду Гана командасымен кездесуде гол соғып, осымен бесінші чемпионатта доп соққан алғашқы футболшы атанды. Топтық кездесулердің алғашқы турында Аргентина құрамасы Сауд Арабиясы командасынан 1:2 есебімен ұтылса, Жапония жігіттері әлемнің үш дүркін чемпионы Германия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысқан алаң иелері Катар Эквадор командасына 2:0 есебімен жеңілді. Ал Испания Коста-Рика командасын 7:0 есебімен ойсырата ұтты. Англия Иранды 6:2; Франция Австралияны 4:1; Бразилия Сербияны 2:0; Португалия Гананы 3:2;  Нидерланды Сенегалды 2:0; Бельгия Канаданы 1:0;  Швейцария Камерунды 1:0 есебімен ұтты. Уругвай-Оңтүстік Корея, Дания-Тунис  және Марокко-Хорватия 0:0; Уэльс-АҚШ 1:1 есебімен тең ойнады. Топтық кездесулердің екінші турында «А» тобында Сенегал Катарды  жеңсе (3:1);  Нидерланды-Эквадор тең ойнады (1:1). «В» тобында Иран сенсация жасап, Уэльс құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Ал Англия-АҚШ 0:0 есебімен тең түсті. «С» тобында Польша – Сауд Арабиясын (2:0);  Аргентина Мексиканы (2:0) ұтты. «Д» тобында Тунис Австралияны (1:0);  Франция Данияны  (2:1) жеңді. «Е» тобында Коста-Рика Жапонияны (1:0) ұтса, Испания Германиямен тең түсті (1:1).; «F» тобында Марокко Бельгияны (2:0), Хорватия Канаданы жеңді (4:1 ).«G» тобында Камерун мен Сербия тең ойнады , есеп – 3:3. Бразилия мен Швейцария матчы 1:0 есебімен алғашқыларының пайдасына шешілді. «Н» тобындағы матчта Португалия Уругвайды 2:0  есебімен ұтып, плей-оффқа өтті. Ал Гана Оңтүстік Кореяны 3:2 есебімен ұтты. Үшінші турда «А» тобында ойнайтын Нидерланд Катарды (2:0), Сенегал Эквадорды (2:1) ұтып, плей оффқа өтті.  «В» тобында Англия Уэльсті (3:0), АҚШ Иранды (1:0) жеңді, екеуі де плей-оффқа өтті. Жалпы, плей-офф кезеңіне әзірге Бразилия, Франция, Португалия, Нидерланд, Сенегал, Англия, АҚШ командалары жолдама алып қойды. Қалғандары ақырғы топтық турда анықталады.

Ермек Сахариев
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 94
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 82
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 100

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1234
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7279
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11142
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7341
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7488