Футбол: «Қайрат» көш басында

Футбол: «Қайрат»   көш басында

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде Алматының «Қайраты» көш басына шықты.  Алматылық клуб 9-ы сәуірде өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу тағдырын шешкен голды Жоао Паоло 41-і минутта өзінің еншісіне жазды. Аталған жеңістен кейін «Қайрат» 5 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде көш басына шықты. Аталған тур ойындарында алдымен Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Одан кейін көш басында келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» командасына 1:3 есебімен есе жіберді . Сондай-ақ, 10-ы сәуірде өткен кездесулердің нәтижесі төмендегідей: «Шахтер» (Қарағанды)-«Мақтарал» (Түркістан облысы) – 51; «Ақсу» (Павлодар облысы)-«Ақтөбе» – 12;  «Тұран» (Түркістан)-«Қызылжар» (Петропавл) – 0:0;  «Астана» (Нұр-Сұлтан)-«Тараз»  – 2:1. 

 

 

Ермек САХАРИЕВ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4113
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4292
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19237
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17898
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21341