Алматының «Қайраты» жаңа маусымды жеңіспен бастады. 8-і наурыз күні футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің бірінші турының екінші күнгі ойындары өтті. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде алматылық шабуылшы Хосе Канте 67-і минутта пенальтиден есеп ашса, 83-і минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде көш басына шықты. Бірінші турдың алғашқы 5-і наурызда алғашқы турдың шымылдығын ашқан «Ордабасы» (Шымкент) – «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары арасындағы ойында 1:1 есебі тіркелді. Ал «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» ойындарында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде ақтаулық клуб 1:0 есебімен басым түсті. Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) кездесуі 1:0 есебімен қосжеңісімен аяқталды. Енді екінші тур ойындары 10 және 11 наурыз күндері өткізіледі.