Футбол: Қазақстан Кубогы сайыстары өтуде

Футбол:   Қазақстан   Кубогы   сайыстары өтуде

Жақында Қазақстан Кубогы жолындағы турнирдің топтық кезеңінің іріктеу сатысындағы алғашқы ойындары өтті. Кездесулер барысында жанкүйерлер қауымы күтпеген сенсациялық нәтижелер тіркелді. Мәселен, былтырғы жылғы ел чемпионы Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Жамбылдың «Таразынан» 1:6 есебімен ойсырай жеңілді. 

Команданың негізгі құрамы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысында Венгрияның «Ференцварош» командасымен өтетін қарымта ойынға дайындалып жатқандықтан, жаттықтырушылар аталған кездесуде негізінен жас футболшыларға сенім артқан болатын. Ал Алматының «Қайраты» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасын» 2:0 есебімен сүріндірді. Ел біріншілігінде турнир көшінің аутсайдері саналатын Түркістан облысының «Мақтаралы» өз алаңында «Ақтөбеден» 3:2 есебімен басым түсті. Аталған турда елордалық «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасымен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Қарағандыда жергілікті «Шахтер» Түркістанның «Тұранынан» 4:0, Қызылордада «Қайсар» Оралдың «Ақжайығынан» 1:0 есебімен басым түссе, Павлодар облысының «Ақсуы» өз алаңында «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді. Алғашқы турды  Ақтауда жергілікті «Каспий» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары түйіндеді. Мұндағы есеп – 1:1. Турнирдің келесі ойындары 15 шілдеде басталып, одан әрі қарай жалғасады. 

 

 

Ермек Назым
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563