Германия соңғы 3 АЭС-ті жапты

Германия соңғы 3 АЭС-ті жапты

Соғыс басталғалы бері Еуропаны табиғи газбен және көмірмен қамтамасыз етіп отырған Ресейге салынған санкцияларға байланысты орыстар газ жеткізуде түрлі тосқауылдарға тап болғаны белгілі. Алғашында отынның бұл түріне тәуелді еуропалықтарды өз дегеніне жылдам көндіргісі келген Мәскеу газ құбырларын саяси ричагқа айналдырғысы келіп, доңайбатын көрсетуге тырысқан еді. Алайда бұл әрекеттері Германияда мардымды нәтиже берген жоқ.  Немістер жасыл энергия саласын біржолата дамытуға шындап кірісті. Уақыттық қиыншылықтарды шешу үшін көмір шахталарына қайта түсіп, қатты отынмен жылытылатын қазандықтардың отын жағуға тура келген еді.

Көптеген батыс елдерінің шығарындыларды азайту үшін атом энергетикасына инвестицияны көбейтуге ден қоя бастаған тұсында немістер атом энергетикасы дәуірімен ерте қоштасуға бел байлады. 

Германияның қоршаған ортаны қорғау министрі Штеффи Лемке осы аптада Жапониядағы өтіп жатқан G7 саммитінің алдында аты шулы «Фукусима» атом электр станциясына барды. «Сайып келгенде, ядролық энергетиканың тәуекелдерін азайту мүмкін емес», – депті неміс министрі. 

Таралып жатқан деректер бойынша, соңғы үш атом электр станциясы 2022 жылы Германиядағы энергияның 6%-ын ғана қамтамасыз еткен екен. Ал 1997 жылы Германиядағы барлық атом электр станциялары мемлекетке қажетті энергияның 30,8%-ын қамтамасыз етіп тұрған.

Германияның экономика министрі Роберт Хабек ерте ме, кеш пе, реакторларды демонтаждауға тура келетінін айтты. Хабек бұл арада үкіметтің энергетикалық жағдайды бақылауға алғанын, газ қоймаларын толтырғанын және ресейлік жеткізілімдер қалдырған олқылықты толтыру үшін сұйытылған табиғи газды импорттау үшін жаңа инфрақұрылым салғанын айтты.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1010
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7058
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10904
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7127
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7269