Талаптанып, кәсіппен шұғылданғысы келетін адамға бүгінде Үкімет тарапынан қолдау көп. Әсіресе, жұмыссыз отырған көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы зор.
Жаңатас қаласының тұрғыны, көп балалы ана Шегеева Толқын Ынтықбайқызы мемлекеттік бағдарлама аясында грант ұтып алып, көлік жөндейтін шағын шеберхана ашты.
Бұндай кәсіп түрін ашу отбасылық жоспарлары екен.
«Қазір көліктен көп нәрсе жоқ. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Содан көлік орын ашсам деген ой келді. Жолдасым кез-келген көлік түрін жөндей береді. Өзімнің де көлік жөндеуден хабарым бар. Көп балалы ана ретінде мемлекеттік бағдарламаға қатысып, осы жобаны ұсындым. Жобам қолдау тауып 1380000 тенге қайтарымсыз қаржыға ие болдым. Бұл қызмет түрі халық үшін өте қажет деп есептеймін", – дейді отбасылық кәсіпті іске асырып, көлік жөндеу орнын ашқан Толқын Шегеева.