ГРАНТ АЛЫП, ШАҒЫН ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

ГРАНТ АЛЫП, ШАҒЫН ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ
Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор.
Биылдың өзінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант қаражатын алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар баршылық.
Солардың бірі Жаңатас қаласының тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Утегалиева Ляйла Лесбекқызы. Ол мемлекеттік қолдауға ие болып, қайтарымсыз грант алып, шағын тігін цехын ашты.
- Мен осы уақытқа дейін жұмыссыз болдым. Өзімнің қолымнан келетін осы сүйікті ісімді кәсіпке айналдыру мақсатында «Бастау Бизнес» жобасына жазылып, кәсіпкерлік негіздерін оқыдым. Бизнес-жоспар әзірлеп, сертификат алдым. Тігін тігу туралы жобамды сәтті қорғап, осы жылдың көктемінде 400 АЕК мөлшерінде (1380000 теңге) қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Грант қаражатына тігін машинасын, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алып, жұмысқа кірісіп кеттім. Қазір киімдерді қайта жөндеумен айналысамын, - дейді жеке кәсіпкер Ляйла Утегалиева.
Кәсібінен нәсібін тауып, пайдасын көріп отырған Ляйла Лесбекқызы алдағы уақытта тұрғындардан түскен сұранысқа қарай кәсібінің аясын кеңейтіп, өзге де тігін тігу жұмыстарымен айналысуды көздеп отыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
07.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14372
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14299
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29442
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28076
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31607