Гурбангулы Бердімұхамедов өз ұлын президенттікке ұсынды

Гурбангулы Бердімұхамедов өз ұлын президенттікке ұсынды

  Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов сайлауда республика президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Орталық Азияның жаңалықтар қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, мұндай шешім Түркіменстанның демократиялық партиясының кезектен тыс құрылтайында қабылданды. Осыған дейін аталған партия атынан Гурбангулы Бердымухамедов үш рет ел президенті болып сайланған. Түркіменстан президенті 11 ақпанда өткен Халықтық кеңестің кезектен тыс отырысында «жастарға мемлекет басқаруға жол беру керек екенін» айтып, президенттік қызметтен кететінін айтқан. 12 ақпанда елдің Орталық сайлау комиссиясы мерзімнен тыс президент сайлауы өтетінін айтып, оны 12 наурызға белгілеген. Сердар Бердімұхамедов былтыр қыркүйекте 40-қа толған. Тура бір жыл бұрын Сердардың саяси мансабы бірден өсіп, вице-премьерліктің және елдің маңызды тетіктерінің тізгінін ұстаған.

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 324
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18996
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18855
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36381