Еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары ғылыми зерттеулерді үйлестіріп, тұқымдық, селекциялық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдастырылғаны белгілі. Өкінішке қарай, оларға бөлінген, шұрайлы, құнарлы, суармалы жерлер әр түрлі мақсатта пайдаланылуда. Жекелеген өңірлерде қаржыландыру ісі реттелмегендіктен ғылымды ысырып қойған десе болады. Көлденең көк аттыға жалға беру арқылы табыс көзіне айналдырған. Мемлекет мұқтажы үшін деген желеумен қолды болып кеткені де бар. Сонда арнаулы ғылым саласына көңіл бөлмей, ауыл шаруашылығын қалай дамытып, өркендетпекпіз? Оны шешу жолдары жер-жердегі жиындарда, қоғамдық кеңестерде жиі айтылады. Алайда, Үкіметтің құлағына жетпейтін сияқты. Көкейкесті мәселе жөнінде Премьер-Министрдің тиісті орынбасарына депутаттық сауал жолдадық