Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Ғылым саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық

Мемлекет басшысының білім және ғылым саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды нұсқаулары қазір жүзеге асырыла бастады. 2022 жылы ақпан айындағы Ресейге жасалған сапары аясында қол қойылған келісімдер негізінде нақты жұмыстар басталып кеткені есімізде. Сол жоспарлар бойынша Алматыда МИФИ-дің, Атырауда Губкин атындағы университеттің филиалдарын ашу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен және басқа да бірқатар оқу орнымен олардың өкілдіктерін ашу жайында келіссөздер жүргізіліп жатқандығы айтылған еді. Ал «Халықаралық бағдарламалар орталығы» аталған келісімдерге жұмыс істеп жатқандығы белгілі болды.

Қазақстандық жас ғалымдарды шетелдің танымал оқу орындарына мемлекет есебімен жіберіп оқыту мәселесі дәстүрге айналғаны көңіл қуантатын еді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жақсы бастаманы қорытындылай отырып, қайта жаңғырту мәселесіне кіріскеніне де жылға таяп қалды. Қазір қатысты мекемелер Президент тапсырмасын орындауға кірісіп жатқан жайы бар. Жақында Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтың Францияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдерімен кездескендігі белгілі болды. Кездесуде «Болашақ» бағдарламасымен Францияның жетекші жоғары оқу орындарында ядролық энергетика саласындағы академиялық бағдарламалар бойынша оқыту және 500 ғалымға арналған бағдарлама аясында ғылыми тағылымдамалар мәселелері талқыланған. Бұл өз кезегінде Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында қарастырылған «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын университеттер тізімін жетекші француз техникалық ЖОО-ларымен кеңейту туралы келісім аясында өткен. Осылайша еліміздің энергетика саласына аса қажетті мамандарды Францияның ЖОО-ларында оқытуға қол жеткізу мәселесі оң шешімін табатын болды. Бұл Қ.Тоқаевтың  «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмалары аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі дейді қатысты мекеменің өкілдері. 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 297
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 509

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 184
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 297
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 296
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 407