HELPSABAK – баяу оқитындарды қолдау

HELPSABAK – баяу оқитындарды қолдау

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияларды отандық педагогтер   өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда. Сондай технологиялардың бірі ретінде  Алматы қаласы, Алатау ауданының  №114 жалпы білім беретін мектептің баяу оқитын оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін ояту, білім сапасын көтеру мақсатындағы «HELPSABAK  – баяу оқитындарды қолдау» жобасын ерекше атап өтуге болады. Жоба авторы – мектебіміздің директоры Килыбаева Айгүл Джапсарбайқызы. Сингапур елінен тағылымдамадан өтіп келген мектеп басшысы өз білімінің нәтижесі ретінде аталған жобаны қолға алды. Бүгінде  Айгүл Джапсарбайқызының жетекшілігімен жоба аясында  қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика пәндері мұғалімдері  тәжірибелік түрде жұмыс жүргізуде.  

   Аталған жобаның өзектілігі  мұғалімдердің оқушылардың  артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуінде. Ал дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының толық қалыптаспағанында.  Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Таным әрекетінің нәтижелілігі ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірі мен өзіндік талдау – біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.

Оқушы меңгеретін тақырыптың қиындығын сезінгенде  ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ғана оқушы  тақырыпты толық меңгереді. Қабылдау қарқыны баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, таратпа материалдармен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Нашар оқудың алдын алу үшін баяу оқу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Сол себепті, білім көзі бастауыштан басталады деген қағидамен бастауыш сынып оқушылары арасынан баяу оқитын оқушыларды анықтап, білім сапасын арттыруда оларға қолдау көрсету керек.  Сондықтан да біздің «HELPSABAK  – баяу оқитындарды қолдау» атты жобамыз өзекті болып саналады.

Мұғалім өзі тәжірибесіндегі, біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізуінің арқасында оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азаяды. Барлығы мұғалімнің шеберлігі мен оқушының қызығушылығына байланысты.

Ал оқушылардың білімді қалыпты игеруде,   психологтар мен педагогтердің зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады деп зерттеген:

1.      Біріншіден, балаға қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;

2.      Екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы және ақыл-ой даму деңгейінің тежелуінен;

3. Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауынан деп зерттеген.

Дегенмен де, мектепте оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары бірдей болғанымен, оқушылардың білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр.

«HELPSABAK  – баяу оқитындарды қолдау» жобасының мақсаты –  бастауыш сынып оқушыларының арасынан баяу оқитын оқушыларды анықтап, оқуға деген құлшынысын, ынтасын ояту;

- баяу оқитын оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;

- пәнге деген қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың артта қалуын, нашар оқуын болдырмау;

- үлгермеушіліктің алдын  алу;

- әр оқушы – жеке тұлға» қағидаты бойынша, барлық оқушының өз дәрежесінде дамуын қалыптастыру;

- барлық оқушының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

          Қойылған масатқа жету жолында жобаны жүзеге асыру барысында келесі міндеттерді орындау қажет болады:

-        баяу оқитын оқушылармен жеке-бағыттық жұмысы ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

-        оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау;

-        оқушының жеке даму диагностикасы;

-        әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім сапасын көтеру;

-        мониторинг арқылы баяу оқитын оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.

«HELPSABAK  – баяу оқитындарды қолдау» жобасын жүзеге асыру барысында  оқушылар өзін-өзі бағалай білетін болады. Сондай-ақ  оқуға деген ынта-жігері оянып, сабаққа деген қызығушылығы артады, өзін сыныптағы басқа балалармен тең көріп, өзіне деген сенімділігі қалыптасады, оқушының ықыласын ояту арқылы табиғи дарыны анықталады.

Сонау ХІІ ғасырдың өзінде Жүсіп Баласағұн «Әр бала – жұлдыз, оның жарқырауына көмек ет», – деген екен. Психологтардың айтуы бойынша, қабілетсіз оқушы болмайды. Ендеше сыныптағы баяу оқитын деп саналатын оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы белгілі дәрежедегі нәтижеге қол жеткізуге болатындығы белгілі. 

С. Жамбулатова
16.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 50
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 33
ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАН ҒИМАРАТЫ КЕҢЕЙТІЛІП, ӘЛЕУЕТІ КӨТЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 44
ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 145
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 364
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 500
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 362
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 348
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1693
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2221

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12953
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11828
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15070
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14007
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19030