Huawei және Халықаралық электрбайланыс одағы: цифрлық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету нәтижелері жарияланды

Huawei және Халықаралық электрбайланыс одағы: цифрлық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету нәтижелері жарияланды

90 миллион адам Huawei компаниясының ITU Partner2Connect цифрлық коалициясы алдындағы міндеттемесіне сәйкес интернетке  қосылды

Huawei компаниясы Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) 2connect (P2C) серіктестерінің цифрлық коалициясы алдындағы міндеттемесіне сәйкес 80-ге жуық елдің шалғай аймақтарындағы 90 миллион адамның интернетке қосылғаны туралы хабарлады. Бұл ақпаратты Huawei комапниясының Басқарма төрағасы, доктор Лян Хуа Huawei-дің өткен жылы коалицияға қосылғаннан бері атқарылған жұмыстар туралы алғашқы есебі аясында «Технологиялармен бірге өркендеу: тұрақты дамуды жүзеге асыру» атты 2023 Тұрақты даму форумында бөлісті. 

Іс-шараға ХЭО Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин, тұрақты даму саласындағы БҰҰ шешімдер желісінің президенті және даму мақсатында БҰҰ кең жолақты байланыс комиссиясының комиссары Джеффри Сакс, сондай-ақ байланыс министрліктері мен реттеуші органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуды қалай жақсырақ ынталандыратынын және жасыл және инклюзивті интеллектуалды әлемді құруға көмектесетінін талқылады.

 

Доктор Лян Хуа, Huawei басқарма төрағасы

 

«Интернетке қосылу және есептеу қуаты сияқты келесі буынның цифрлық инфрақұрылымы әлеуметтік-экономикалық даму үшін аса маңызды, оны маңыздылығы жағынан біздің физикалық инфрақұрылымымыздағы жолдармен салыстыруға болады. Бұл жаңа инфрақұрылым бүкіл қоғамның тұрақты дамуында шешуші рөл атқаратын болады», - деді доктор Лян. «Есептеу техникасы цифрлық экономикадағы өнімділіктің негізгі факторы болып табылады. Есептеу инфрақұрылымын тезірек енгізу көптеген салаларда цифрлық технологияларға көшуді жеделдетуге көмектеседі және цифрлық және нақты экономиканың терең интеграциясына ықпал етеді. Бұл жаһандық экономикалық тұрақтылық пен тұрақты дамуға одан әрі ықпал етуі мүмкін».

Доктор Лянның түсініктемесін ХЭО Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин қолдады: «Технология мен тұрақтылық арасында таңдау жасаудан аулақ болайықшы. Бізге екеуі де керек! Технологиямен бірге өркендеп, адамдар мен планетаның алға жылжуына ықпал ететін цифрлық болашақты құрайық», - деді.

 

 

Дорин Богдан-Мартин, ХЭО бас хатшысы

 

Huawei компаниясы цифрлық технологиялар саласындағы талантты мамандар болашақ технологиялық инновациялардың кілті деп санайды. Болашақ көшбасшыларды цифрлық салаға кеңінен тарту және оларды қолдау мақсатында компания «Huawei-мен серіктестікте ITU Generation Connect жас көшбасшылар бағдарламасы» стипендиясын іске қосу арқылы ХЭО-мен серіктестігін тереңдете түсті. 

Стипендияға өтініш беру 2024 жылдың басында қол жетімді болады және үш жылға созылады. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 30 жас маман (18-28 жас) қоғамның дамуын ынталандыруға бағытталған цифрлық технологияларды пайдалану жобаларында қолдау алады.

«Huawei осы маңызды істе ХЭО-мен серіктес болғанын және болашақты болжай білетін жастардың бүкіл әлем бойынша цифрлық технологияларды енгізуге қалай әсер ететінін мақтан тұтады. Қатысушылар алатын қолдау олардың жобаларына қаржылық жарналарды, ХЭО және Huawei сарапшыларының тәлімгерлігін, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін қамтиды», - деп атап өтті Huawei компаниясының Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің президенті Джефф Ванг

«ХЭО мен Huawei-дің бірлескен күш-жігерінің арқасында жастар цифрлық технологияларды үйренеді, өз үлестерін қосады және цифрлық әлемнің оларға ілесе дамуына ықпал етеді», - деді ХЭО электробайланысты дамыту бюросының директоры, доктор Космас Лакисон Завазава. «Цифрлық технологиялар ТДМ-ға қол жеткізуді жеделдету үшін қажетті шарт болып табылады. Біз жастар дамып келе жатқан жаһандық цифрлық экожүйенің мүмкіндіктерін кеңейтсе екен, өздері өзгеріске үлес қосса екен дейміз. Мен Huawei компаниясына осы тамаша серіктестік үшін алғыс айтамын және осы инновациялық жобаның жаһандық әсерін көруге асықпын», - деді ол.

2022 жылы Huawei 2025 жылға қарай 80-нен астам елдің шалғай аудандарында шамамен 120 миллион адамды интернетке қосу туралы жаһандық міндеттемеге қол қойды. Осы уақытқа дейін Huawei сонымен қатар жергілікті министрліктермен және университеттермен бірлесе отырып, ХЭО-ның P2C бойынша бірінші серіктесі Камбоджада 2066 оқу мүмкіндігін ұсынды. P2C коалициясы цифрлық қол жетімділігі жоқ елдер мен аймақтардағы шалғайдағы қауымдастықтарға басымдық беру арқылы бүкіл әлем бойынша байланыс пен цифрлық трансформацияға ықпал етеді.

27.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 92
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685