ИГІ БАСТАМА

ИГІ БАСТАМА
Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының бірінші отырысы өтті.
Жиынға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев қатысты.
Қырғызстаннан бақылаушы ретінде Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев қатысты.
Жиында екі ауқымды жобаны іске асыру барысын талқыладық. Алғашқысы - Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылып жатыр. Екіншісі - «жасыл» экономика қағидаттарын дамытуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған Орталық Азиядағы орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама.
Отырыстың күн тәртібінде қаралған тағы бір тақырып - ХАҚҚ-ның ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысы болды. Қордың Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай осы айдың басында Астанада өткен жұмыс тобының 12-ші отырысының қорытындысы туралы айтып берді. Жұмыс тобының қызметі шеңберінде біздің тарап су-энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде бастама жасады.
Бұл Сырдария мен Амудария өзендерінің бассейндеріндегі мемлекеттердің су мүдделерін ғана емес, энергетикалық мүдделерін де ескеруге, су мен электр энергиясын пайдалану мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Сушылар мен энергетиктердің тікелей өзара іс–қимылы аномальды климаттық жағдай кезінде, мәселен, су тасқыны мен құрғақшылықта келісілген шешім қабылдауға көмектеседі.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік банкпен бірлескен Орталық Азиядағы гидрометеорологиялық қызмет көрсетуді жаңғырту жобасын іске асыру қорытындысын және Қазақстан мен Франция бірлесіп өткізетін «Бірыңғай су» саммитіне ХАҚҚ Атқару комитетінің қатысу мәселесін қарастырдық.
Талқылау қорытындысы бойынша ХАҚҚ Басқарма отырысының шешімдеріне қол қою рәсімі өтті.
Сонымен қатар, жиында Қазақстанның 2024-2026 жылдары ХАҚҚ төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспарын бекіттік. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыру, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру және т.б. мәселелер бойынша 10 бағыттан және 40-тан астам іс-шарадан тұрады.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281