Иманғали Тасмағамбетовтің үндеуі:

Иманғали Тасмағамбетовтің үндеуі:

- Ағайындар, бауырлар, азаматтар!

Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін.

Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын

Сөз жоқ, біздің ел ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды.

Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті.Нәтижесінде, «Тәуелсіздіктің тал бесігі» саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік!

Мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында. Ал дәл қазір Президент әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі!

Осы орайда, мен барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!

Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамыр қазақпыз!

Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін!

Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!

12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607