"Инабатты келін-2023" атты жас келіндер байқауы

"Инабатты келін-2023" атты жас келіндер байқауы
Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ділдебаева Сұлукүл ханымның қолдауымен "Инабатты келін-2023" атты жас келіндер байқауы өтті.
Байқауда 16 келін 5 кезең бойынша бақтарын сынады.
Байқауда әділ-қазылар алқасында облыстық ардагерлер кеңесі аналар алқасының төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы, “Анаға тағзым”орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы, халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мырзалиева Бахытгуль Айсаевна, "Құлан Нұры "қоғамдық бірлестігінің төрайымы, мәдениет саласының ардагері, дәстүрлі әнші Пірімқұлова Күлназия Құлсаханқызы, Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі директорының орынбасары Жұмағұлова Жадыра Оразқызы төрағалық етіп әділ бағаларын берді.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша "Ынталы келін" номинациясымен Жамалхан Диана,
"Көркем келін" номинациясы бойынша Жанбосын Назым-"Шебер келін", "Білімді келін "- Орынбасарова Арайлым, Сұлтанғалиева Айжан-"Зерделі келін", "Өнерлі келін" номинациясымен Шадыхан Индира, Жұмабек Ақмаржан- "Инабатты келін", Алина Оразбекқызы "Сымбатты келін", Абирова Қымбат "Ынталы алғыр "келін номинациясымен марапатталынса,
Аят Дина, Ермекбаева Гүлдана, Құралбекова Самал жүлделі 3 орынды иеленді.
Әділ Ақерке мен Саякова Алина 2орынға ие болды
1орынды Төленбек Асем ие болса
Бас жүлдені оқ бойы оза шапқан Қадырбекова Майра ие болып ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1034
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7081
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10932
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7149
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7292