Инфляциялық қысымның негізгі көзі – Ресейдегі ахуал

Инфляциялық қысымның негізгі көзі – Ресейдегі ахуал

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында: «Маусымдық кезеңде көкөніс бағасының 8,7 және жеміс бағасының 2,4 пайызға төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда инфляция 8,9 пайызға жетіп, қарқынын жалғастырды. Бір айда ет 1,3; өсімдік майы 0,6; қант 1,1 пайыз қымбаттап, салдарынан азық-түлік инфляциясы 11,4-тен 11,5 пайызға дейін жеделдеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляцияға келсек, дизель бір айда 3,8; газ 0,9; көмір 1,9 пайыз қымбаттап, салдарынан мұндағы инфляция 7,3-тен 7,5 пайызға дейін өсті. Жанар-жағар майдың бұдан былайғы қымбаттауы және дәнді-дақылдар бағасын тұрақтандыруға айтарлықтай тәуекел тудырады. Қазақстан ішіндегі инфляцияға Ресейдегі ахуал тікелей әсер етіп отыр. Сыртқы инфляцияның, әсіресе Ресей Федерациясы сияқты негізгі сауда әріптес елдерде инфляциялық фонның нашарлауы инфляциялық қысымның қосымша көзі болып табылады.

 

Ермек Сахариев
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 353
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6458
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8167
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6538
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6674