Инновацияларды енгізу - болашаққа қадам

Инновацияларды енгізу - болашаққа қадам

Инновация экономиканың басты драйвері екені анық. Қазақстанның инновациялық экожүйесі салыстырмалы түрде жас, бірақ қарқынды түрде дамып келеді. Бұл – өзара бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін жүйе: мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастық, инвесторлар, стартаптар, академиялық институттар және технологиялық инкубаторлар.

Ресей, Қытай, Корея, Жапония және Сингапур сияқты аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның экожүйесі дамудың бастапқы сатысында тұр. Дегенмен, Қазақстан Үкіметі инновацияларды қолдауға бағытталған шараларды, оның ішінде салықтық жеңілдіктерді, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге гранттарды, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларын белсенді түрде әзірлеп, жүзеге асыруда. Сонымен қатар Қазақстан шетелдік инвестициялар мен технологияларды, әсіресе ақпараттық технологиялар мен цифрлық экономика саласында белсенді түрде тартып отыр.

АҚШ, Ұлыбритания және Германия сияқты дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстанның экожүйесі әлі қалыптасу кезеңінде. Дегенмен біздің еліміз ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға белсенді инвестиция салуды, сондай-ақ шетелден талантты және тәжірибелі мамандарды тартуды жалғастыруда.

Жалпы алғанда, Қазақстан дамыған елдердің назарын және инвестициясын тарту үшін айтарлықтай күш салып жатқанын атап өту керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанда инновацияларды дамыту және инновациялық экожүйені құру, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Инновацияларды тікелей немесе жанама түрде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау кең заңнамалық негізге ие және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әртүрлі нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарында көзделген. 2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 520 Жарлығымен №8 Жалпыұлттық басымдық «Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру» болып белгіленді.  Инновацияларды қолдау жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында, Цифрлық трансформация тұжырымдамасында,    2023-2029 жылдарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытуда да көзделген.

Инновациялық қызметті қолдау шаралары мен инфрақұрылымы бар заңнамалық негіздер: Кәсіпкерлік кодекс;  Экологиялық кодекс; «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заң; «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң; «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң; «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң; «Ақпараттандыру туралы» Заң; «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң.

Бұл ретте инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары Кәсіпкерлік кодексте көзделген. Оларға венчурлік қорларды қоса қаржыландыру және инновациялық гранттар беру, бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу және технологиялық болжауды жүзеге асыру жатады.

Неліктен компанияларға инновацияларды енгізу маңызды? Бұл мәселеде қандай кедергілер бар? Стартаптар не үшін қажет? Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының осы және өзге де сұрақтарына «QazIndustry» АҚ  мен АSTANA HUB бірлесе Zoom форматында ұйымдастырған дөңгелек үстелі барысында технологиялар жөніндегі сарапшылар жауап берді.

 Мамандар цифрлық шешімдерді өндірістік ортаға енгізудің практикалық тәжірибесімен, табысты мысалдары және цифрлық шешімдерді енгізудің нәтижелерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Инновацияларды енгізудегі кедергілер» және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңа мүмкіндіктерді басқару» тақырыптарын талқылады. Спикерлер кәсіпорындарға жаңа идеялар мен технологияларды енгізу барысында туындауы мүмкін кедергілерді, сондай-ақ инновацияларды енгізудің дұрыс таңдалмаған стратегиясынан, қаржыландырудың болмауынан, ұйымдастыру жұмыстары мен персонал біліктілігінің төмен деңгейінен туындайтын проблемалар жөнінде айтты.

Онлайн-кездесуге қатысушыларға спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Жиын барысында өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері нақты инновациялық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытты.

Онлайн кездесуге жалпы саны 80-ге жуық қатысушы қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметкерлерінің цифрлық сауаттылықтарын және біліктіліктерін арттыру, Индустрия 4.0 туралы түсінік қалыптастыру, қазақстандық өнеркәсіпте цифрлық трансформация құралдарын қолданудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Алдағы уақытта да QazIndustry жоспарына сәйкес осы бағыттағы  оқыту-семинарлары тұрақты түрде жалғасатын болады.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
07.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805