Интернет алаяқтары неге көбеюде?

Интернет алаяқтары неге көбеюде?

Елімізде интернет алаяқтарының көбеюіне көптеген жағдайлар себепші болуда. Біріншіден, қазіргі кезеңде ақпараттық құрылғылардың адамның күнделікті өмірінде жиі пайдаланылуы. Мәселен онлайн тауар сатып алу, жалға алу, ақша жіберу, интернет-банкинг және т.б. интернет арқылы жасалатын қызметтер. Сол сияқты былтыр әлемді әуреге салған пандемияға байланысты көп адамдардың қашықтықтан үйде отырып жұмыс істеп, онлайн тауар сатып алу, онлайн жеткізу, онлайн тапсырыс беру қызметтері т.б. Дегенмен ең басты себеп –  адамдардың сенгіштігі.  Интернет алаяқтықтың көбі интернет желісі WhatsApp, Instagram, Telegram және т.б. мессенджерлер арқылы жасалады. Ал, жәбірленушілер интернетпен байланысты қандай да бір әрекет (сату, сатып алу, жалға алу, қаражат жіберу) жасау кезінде кіммен сөйлесіп отырғанын және қандай тауар сатып алып жатқанын анықтамай, қаржысын алаяқтарға  жібере салады.

Интернет алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мынадай екен: азаматтар қандай да бір тауарды (көлік, көлік саймандары, киім-кешек, үй құрылғылары, балалар ойыншығы, тұрмыстық заттар және т.б.) сатып алғысы келіп, алдын ала төлем жасайды. Одан кейін алаяқтар хабар-ошарсыз кетеді немесе керісінше азаматтар тауарларды сату кезінде олардың банк карталарының реквизиттерін, СМС-хабарламаларын сұрап алып, олардың шотынан ақша жымқырады. Мұндай жағдайлар көбінесе оlx.kz, кolesa.kz, market.kz, іnstagram сайттарында кездеседі.

Алаяқтықтың келесі бір түрінде азаматтар пәтерді, құрылысты, қандай да бір тауарларды уақытша жалға алу үшін алдын ала төлем жасайды. Одан кейін алаяқтар хабар-ошарсыз кетеді. Сөйтіп жәбірленушінің ақшасын иемденеді. Бұл да оlx.kz, кolesa.kz, market.kz, іnstagram сайттарында жиі орын алады. Банк карточкаларының қолданушыларына банктердің қауіпсіздік қызметкерлері атынан қоңырау шалып, банк карточкаларының реквизиттерін алып, азаматтардың ақшасын иемденіп алу да кең таралған интернет алаяқтықтың бір  түрі. Сонымен қатар, кейінгі кездері жиі тіркелетін тағы бір алаяқтық түрі  «olx.kz» сайтында кездеседі. Мәселен, сіз қандай да бір тауарды сату үшін жарнамаға қойдыңыз. Сізге WhatsApp мессенджеріне немесе сол «olx.kz» сайтынан сізге «тауарды сатып аламын, ақша жібердім» деп хабарлама жібереді. Сосын «olx.kz» сайтына ұқсас сілтеме жіберіп, «сол жерге банк картаңыздың мәліметтерін жазыңыз, сонда сізге қаражат аударылады» деп, сіздің картаңызға қол жеткізіп, ақшаңызды  иемденіп алады.

  Онлайн несие, займ, жеңіл ақша, пайыздық ақшаларды алуда алдап-арбайтын   интернет-алаяқтық түрі бар.  Қылмысты жасау кезінде азаматтардың жеке құжаттарының мәліметтері қажет екен.  Кез келген несиені рәсімдеу үшін сіз өзіңіздің жеке куәлігіңіздің мәліметтерін бересіз, сол сияқты онлайн несие алу үшін сіздің жеке куәлігіңіздің суреті қажет. Ескеретін жайт, мұндай алаяқтықты жәбірленушінің жанында жүрген немесе жеке куәлігінің көшірмесі бар адамдар ғана жасай алады. Мысалы, WhatsApp және т.б. жолмен басқа адамдарға суреттерін жіберу арқылы.

Сондықтан азаматтар алаяқтардың қақпанына түскен жағдайда ең алдымен жергілікті полиция бөліміне арыз жазуы қажет. Арыз қабылдау барысында  жәбірленушіден сұрау жүргізіледі. Яғни болған жағдайдың мән-жайын толығымен айтып беруі тиіс. Сондай-ақ алаяқтың абоненттік нөмірін, банк картасының нөмірін, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын (болған жағдайда) және т.б. күдікті тұлғаларды ұстауға көмектесетін кез келген ақпаратты жасырып қалмауы қажет.

  Интернетте ең негізгі бес қауіпсіздік ережесін еске сақтау қажет:

 Әуелі басқа қаладан онлайн тауар сатып алғыңыз келсе, сол қалада тұратын туыстарыңыз, достарыңыз, таныстарыңыздан тауарды тексеріп жіберуін өтініңіз. Ондай адамдар жоқ болған жағдайда, сатушыға видео-қоңырау шалып, тауарды мұқият тексеруін  сұраңыз.

Екінші ереже – пәтер немесе басқа да заттарды уақытша жалға алған кезде жалға берушімен көзбе-көз кездесіп, қарап алған жөн.

Маңызды мәселе – «olx.kz» сайтында тек түрлі жарнамалар ғана жарияланады. Сайтта ақша аудару функциясы болмайды.

Сондай-ақ әр адам білуі керек нәрсе – банк қызметкері қоңырау шалып, ешқашан сіздің картаңыздың мәліметтерін сұрамайды. Әсіресе бір жолға келген СМС-хабарламаны. Белгісіз нөмірден өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, «ақшаңызды сақтандырылған шотқа ауыстырыңыз» десе, еш сенбеңіз. Сөйлескенде күдіктенсеңіз, банк картасында көрсетілген банктің ресми нөміріне қоңырау соғыңыз.

Телефоныңызға келген банктің бір жолғы СМС-хабарламаларын ешкімге көрсетіп, жібермеңіз. Құжаттарыңыздың көшірмесін де ешкімге жолдамаңыз. Кез келген жан осындай қарапайым ережелерді ескерсе, алаяқтықтың азаюына көмектескен болар еді.                                                                            

 

Шаргүл Қасымханқызы
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474