Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестиция тарту, инвесторлардың ұсыныстарын қарау жөніндегі штабтың кезекті отырысында бірқатар ұсыныс-жобалар қаралды.

Атап айтсақ, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-ның директоры Асхат Құндызбаев гипс пен цемент негізіндегі құрғақ қоспаларға құрылыс индустриясының жоғары сұранысын алға тартып, осы бағыттағы жобасын кеңейту бойынша ұсынысын ортаға салды.

Ал, «Bilimland» жобасының жетекшісі Мұхтар Тимур білім саласындағы қағаз бастылықты азайту мақсатында цифрлы форматқа негізделген платформасын таныстырды.

Сондай-ақ, «Минералды-органикалық тыңайтқыштар өндірісі» жобасының жетекшісі Микаель Хабибовтың  инвестициялық жобасы Байзақ ауданында минералды-органикалық тыңайтқыштар өндірісін құруға негізделген.

Басқосу барысында өзге де мәселелер қаралды.

Облыс әкімі «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-ның жобасын кеңейтуге қатысты ұсынысын қолдап, жергілікті билік тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілетінін атап өтті. Басқа да инвесторлардың ұсыныстары назарға алынатынын жеткізген аймақ басшысы жобалардың тиімділігі мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
20.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 247
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 381
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 379
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 610
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 552

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9255
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8651
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11878
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9649
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10860