Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлының төрағалығымен 2023 жылғы 28 қаңтардағы өткен инвестициялық штаб отырысында берілген тапсырмаға сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 1 триллион теңгеге жуық болатын 15 ірі инвестициялық жобалар бақылауға алынған.
Оның ішінде 2023 жылы 577,4 млрд. теңгеге ірі 4 жоба іске асырылуда.
1) «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС химиялық кешенінің құрылысы. Жобаның құны - 400,0 млрд.теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 11 026 млрд. тг.).
2) «QazaqSoda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндіру зауыты. Жобаның құны - 123,5 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 4 млрд. 898,9 млн. тг.).
3) «Kazchemtrading» ЖШС цемент зауыты. Жобаның құны - 4,5 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 52,1 млн. тг.).
4) «Сарысу Жел электр станциясы» ЖШС. Жобаның құны - 49,4 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 16 млрд. 535 млн. тг.).