Істің көзін тапқан кәсіпкер

Істің көзін тапқан кәсіпкер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Бұл салаға қатысты мәселелер Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да көрініс тауып отыр.

Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы экономикамыздың маңызды саласы болып саналады. Соның ішінде мал шаруашылығының алатын орны зор. Бейнеті шаш-етектен болатын кәсіпті қорықпай бастап, бүгінде аяғынан тік тұрғызған шаруаның бірі – «Батырбаева С» шаруа қожалығы. Қожалық жетекшісі Саятбек Батырбаев отбасы бизнесін қолға алған 2006 жылдан бері шаруашылығын үнемі дамытып, жетілдіру үстінде.

Кәсіпкердің бағына орай, кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар өз жемісін беріп келеді. Соның ішінде қожалық «Сыбаға» бағдарламаларының арқасында мал басын көбейтіп, сүт және ет бағытында жұмыс істеуде.

– Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық беріп отыр ғой. Соның арқасында шаруалар мен шағын және орта кәсіпкерлер несие алып, сүт және ет өндірісін жолға қоюда. Ал мал мен егін шаруашылығын қатар алып жүрген біз сияқты ауыл шаруашылығы құрылымдарына субсидия да қаралған. Сүтке, тыңайтқышқа субсидиялар берілуде. Оның игілігін ел көруде. Жалпы қандай кәсіп болмасын, оны бастау оңай шаруа емес. Кеңшардан бөлінген соң қолға тиген азынаулақ малмен өз жұмысымызды бастадық. Әрине, бастапқыда түрлі қиындықтарға тап болдық. Мал өзінен-өзі көбеймейді. Оның жем-шөбі, жайы болмаса, күтімі келіспесе төл ала алмайсың. Осының барлығын отбасыммен бірге еңсеріп, табандылықтың арқасында қожалықтың жұмысын жолға қойдық, – дейді Саятбек.

«Малды табу оңай, бағу өте қиын. Соның қиындығына төзген, азабына шыдаған адам ғана түптің түбінде пайдаға кенеледі. Мал өздігінен мал болмайды. Қазір бұрынғыға қарағанда жағдай түзелді. Көп жұмысты техника атқарады. Бірақ жұмыс істеймін, кәсіп ашамын деген адамға бүгінгі таңда барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ынта керек» деген Саятбек, бүгінгі таңда үш адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.

Қазір шаруашылықта жетпіске жуық мүйізді ірі қара бар. Оның 20-сы сауын сиыр. 30 басы бордақы. Қалғаны торпақ. Күнделікті сауылған сүт Б.Момышұлы ауылындағы сыр зауытқа өткеріледі.

– Мал азығын өзіміздің егіс алқаптарынан дайындаудамыз. Мал азығы үшін арпаны 25, бидайды 11 гектар алқапқа сепкен болатынбыз. Өнімін қамбаға құйып, жем етіп тартып алдық. Ал 54 гектарға орналастырылған жоңышқалықтан мая тұрғызып, сүрлем дайындадық. Мал бүгінгі таңда жайлы қорада қыстатылуда. Жем мен шөп қоры жеткілікті.

«Мемлекет басшысының Жолдауында «Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз» деуінің өзі, бүгінгі таңда шағын және орта бизнеске қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын аңғаруға болады. Әсіресе кәсібін жаңа бастаған жастарға қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетуі, қолдау емей немене. Ендеше, ел жастары Үкімет қолдап тұрғанда бизнеске қорықпай кіріскендері абзал. Біз де мемлекеттің қолдауының, шаруаларға арнаған арнайы бағдарламалардың арқасында төмен пайызбен несие алып, шаруамызды дөңгелетіп отырмыз. Шыны сол, мемлекеттің қолдауымен қора салдық, мал алдық. Енді міне, біз де өңірдегі экономиканың артуына, облыстағы азық-түлік бағасының тұрақтануына, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге үлесімізді қосып келеміз», дейді Саятбек.

Қандай іс болмасын, оның қалыптасқан нормасы, жоспары, ішкі тәртібі болады. Қожалық үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың әрбірі өз жұмысына жауапты. Бақташыға дейін. Жалпы қожалықта бордақыға қойылатын ірі қараның салмағынан бастап, жасына дейін қатаң бақылауға алынған. Негізінен бір жарым жастан бұқалар бордақылау алаңына кіргізіледі. Оған дейінгілері өсу үшін жайылымға жіберіледі. Ірі қаралар төрт айға дейін арнайы күтімде болады. Олардың тірі салмағы үш жүз килограмды тартқанда етке өткізіледі.

Сүт және ет бағытында жұмыс істеп отырған қожалықтың алға қойған мақсаттары да көп. Соның бірі – сүт бағытында асыл тұқымды шаруа қожалығын құру. Оған дайындықты қазірден бастап кеткен. Өткен жылы сауын фермасын салған болатын. Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысып, несие алып, мал басын арттырып, сүт өндірісін дамыта түсуді қолға алмақ ниетте.

«Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, бүгінде еңбегі ескерусіз емес. Аудан жұртын етпен қамтып отыр. Сонымен қатар өнімін Тараз қаласына да шығаруда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылды шаруа қожалық табысты аяқтаған. Бұл жылдар бойы төккен тердің, талай жылғы қажырлы еңбектің ақталғаны да.

Жуалы ауданы. Марат ҚҰЛИБАЕВ.
02.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 242
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 378
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 375
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 607
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 549

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9252
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8648
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11875
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9646
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10857