Кадрдың қадірі қайтсе артады?

Кадрдың қадірі қайтсе артады?

Кадр дегеннен шығады, жасыратыны жоқ, елімізде көп жылдан бері «министрдің командасы», «әкімнің командасы» деген ерекше бір тенденция қалыптасты. Яғни, сан алуан министрлер, әкімдер қызмет орнын өзгертіп, басқа жаққа ауысса, өзімен бірге әлгі командасын ерте жүретін әдет пайда болды. Алайда, осындай командалар­дың мүшелері қандай принциптер, ережелер бойынша таңдалатыны былай­ғы жұрт үшін мүлдем жұмбақ. Ал, уақыт өткен сайын кімнің кім екенінің аражігі ажыратылып, өз ісіне сай не сай еместігі анықталып жатады. Осын­дайда облысты басқарған әкімдерді де қарапайым жұрт кадр таңдауда жаңылысты, командасына өз адам­дарын жинақтады, жершілдік, жікшілдік, рушылдыққа салынды деп кінәлап жататыны еріксіз еске түседі. Кезінде бұрынғы президенттің «коман­далық көшіп жүрулерге» тыйым салу мәселесін көтеріп, «Мансаптық сатыда тек нағыз кәсіби мамандарды ғана ілгері­лету қажет. Жаңадан әкім, министр келеді, барлығын сапырылыс­тырады. Одан кейін қайтадан өзгереді, жаңа адамдар келе­ді, дүниежүзінде ондай  тәртіп  жоқ. Аппарат тұрақты жұмыс істеуі керек» дегенді қабыр­ғасынан қойғаны да есте қалыпты. Әйтсе де, әлі күнге өз командасын жасақтау, мемлекеттік қызметке «үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың» баруы, небір тәжірибелі, өнегелі, іскер кадрлардың ретсіз, жөнсіз босатылуы, ауыс­тырылуы азаймай келе­ді. Егер орнына барған кадрлардың іскерлігі жоғары болып  жатса, сөз жоқ, ал екі сөздің басын құрай алмай, өздерінің қосары аз, жоғарының берген тапсырмаларына ғана бас шұлғып отырғандарының жиі кездесетіні, артында қолдаушысы барлардың ғана ауыспай, иә деңгейлес қызметке ауысу немесе  қызметтері  жоғарылайтындары да  жоқ  емес.

Иә, бүгін де елдегі кадр мәселесі өте күрделі әрі аса маңызды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүрсігүні өткен Президенттік жастар кадр резервінің форумында сөйлеген сөзінде де қайталап айтты. Яғни, мемлекеттік қызметте «командамен көшу» үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды. Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды. «Жалпы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр сая­сатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл Агенттік басшылығына айрықша жауап­кершілік жүктейді» деді мемлекет басшысы.

Сол жиында президент мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек екенін айтты. Сондай-ақ, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген мәселені уақытылы шешіп отыру – негізгі міндет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» дәл осындай құндылықтар орнығуы керек. «Жылдар бойы жауыр болған бюрократияға, қағазбастылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қоятын уақыт жетті. Мемлекеттік қызмет жүйесінде барлық үдеріс ашық болуға тиіс. «Мемлекет адам үшін» қыз­мет етуі керек. Елімізде азаматтардың мүддесін толық қорғайтын мемлекеттік қызмет моделін, үлгісін қалыптастыру қажет. Сондықтан уақыт талабына сай келетін және қоғам сұранысына жауап беретін жаңа жұмыс тәсілдерін енгізген жөн. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын шынайы бағалайтын нақты өлшемдер болуға тиіс. Бұл – бағалау жүйесін ұдайы жаңартып отыру қажет деген сөз. Мемлекеттік қызметшінің іс жүзінде атқарған  жұмысы міндетті түрде ескерілуі керек. Ең бастысы, әрбір  қызметші еліміздің  алдында  тұр­ған стратегиялық міндеттерге сәйкес барын­ша тиімді жұмыс істеуге дайын болуы  қажет»  деді  Қ.Тоқаев.

Соған орай кадрдың ел алдында сүйкімі болуы үшін, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жеке сектормен бәсекелес еңбекақы белгілеу қажет екенін де атап өтті. «Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз. Олардың баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек. Бұл бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді  қарастыру  қажет» деді президент.

Иә, «кадр бәрін шешеді» деген темірдей тегеурінді қағида ешуақытта да мәнін жоймақ емес. Қазіргі Жаңа Қазақстанның қалыптасуына жасампаздық жұмыс істеліп жатқан кезеңде бізді тек жоқтан бар жасайтын талантты, білікті (жердің көгін көктейтіндей), қабілетті, қасиетті және жаны да, ары да таза кадрлар ғана ілгерілете алады. Олар жеке басының жүріс-тұрысы, сөзі, тұрмысы, жұмыс істеу мәдение­тімен, ізденуімен, жаңашылдығымен жұртқа өнеге болып, ешбір оқшауланбай, өз халқымен бірге күліп, бірге қиналуы тиіс. Сонда ғана ел алдында кадрдың  қадірі  артады.

Н.КЕНЖЕТАЙ
22.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626