Кәсіпкерлерге қойылатын әкімшілік жүктеме төмендейді

Кәсіпкерлерге   қойылатын әкімшілік жүктеме төмендейді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында елдегі ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі – «МИЛХ» ЖШС-ге барды.   Компания сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарып, оны ішкі нарыққа және Ресей Федерациясының  аймақтарына экспортқа жөнелтеді. Алдағы уақытта кәсіпорын Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр.  Компания зауыттарында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған. 2023 жылы неміс серіктесінің қолдауымен ірімшіктер шығаратын жаңа өндірістік кешен іске қосылады.  Премьер-министр Әлихан Смайылов: «Агро- өнеркәсіп кешеніндегі басты міндеттердің бірі – ауылшаруашылығының өңделген бәсекеге қабілетті өнімдерін, атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру. Өзімізді толық қамтамасыз етіп, шетелдік нарықтарға шығуымыз керек. Бұл бағытта үлкен әлеуетіміз бар», – деді.  Сонымен қатар Премьер-министр кәсіпорында өңірдің ауылшаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді, онда агроөнімдерді қайта өңдеу және экспорттау, жұмыс орындарын құру, субсидиялау, жеңілдікті несие беру, суару, жемшөп дайындау және т.б. мәселелер талқыланды. Әлихан Смайылов: «Мемлекет өндірушілерді қолдауды кезең-кезеңімен, оның ішінде субсидиялау және кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру арқылы кеңейтуді жалғастырады. Биыл ауылшаруашылығын қаржыландыру көлемі 2 есеге артты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы нығайту тұрғысынан аса маңызды. Біз жұмсалған әрбір теңгенің өнімділігі мен тиімділігін арттыруға ниеттіміз. Жүйелі мәселелер апта сайын қаралады, бизнестің мәселелерін шешеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір осы саладағы кәсіпкерлерге қойылатын барлық талаптарды қайта қарап жатыр, олардың 20 пайызға жуығы қысқартылатын болады. Тиісінше, бизнеске әкімшілік жүктеме жақын арада төмендейді», – деп түйіндеді сөзін. 

 

Ермек Сахариев
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5390
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5546
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20514
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19145
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22606