КӘСІПКЕРЛІК АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

КӘСІПКЕРЛІК АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Аудан бойынша 4539 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Өткен жылы "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы шеңберінде 6 пайыздық несиенің кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы 1 млрд. 42 млн. тенгеге 145 жоба іске асырылды. Аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік саласына арналған жеңілдетілген 6 пайыздық несиелендіру бойынша жалпы сомасы 133,0 млн. тенге болатын 22 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Биылғы 2023 жылдың жоспарына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерін санын арттыру көзделуде. Осы орайда, өз кәсібін ашамын деген жеке кәсіпкерлерге арнайы бағдарламалар шеңберінде қолдаулар көрсетілетін болады. Жаңатас қаласы және ауылдық округ бөлінісіндегі 2022-2025 жылдар аралығындағы даму жоспарына сәйкес, ауданда 22 шағын кәсіпкерлік нысандар (дүкен, наубайхана, сто т.б) және 1 ірі жобаны («Жаңатас Жел Электр Станциясы» ЖШС) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл ретте 100- ге тарта жаңа жұмыс орындары ашылады. Одан басқа, ауданға тартылатын инвестиция және өнеркәсіп көлемдерін 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 105%-107%-ға арттыру басты назарға алынды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша, «Бизнестің Жол Картасы-2025 жыл» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған 150 - ге жуық жеке кәсіпкерлерге 1 млрд. тг көлемінде «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерден 6%-бен кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы жеңілдетілген несие берілу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2 млн. тенгеден 5 млн. тенге аралығында қайтарымсыз грант қаржатын алу бойынша жаңа кәсіпкерлік жобалар дайындалып, арнайы конкурсқа тиісті құжаттарды ұсыну жұмыстары да алдағы уақытта қаралған.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
06.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 115
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 128
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 587
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 530

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9236
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8632
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11858
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9629
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10841