Кәсіпкерлік дамыса, экономика өседі

Кәсіпкерлік дамыса, экономика өседі
 

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында да, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беруге Үкіметке және әкімдерге нақты міндеттер жүктеп келеді. Биылғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да ауқымды салаға баса назар аударып: «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді» деп атап көрсетті. Президент жүктеген міндеттердің орындалуы қалай? Жалпы өндірістің ахуалы қандай?  Осы сұрақтар төңірегінде Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровпен әңгімелескен едік.

– Ауданбек Жүзбосынұлы, Жолдау жүктеген міндеттер өзіңізге белгілі ғой, жыл аяқталып келеді. Қандай жетістік бар, бірінші кәсіпкерліктен бастасаңыз?

– Президент тапсырмасын орындау жергілікті жерлерде біздерге жүктелген үлкен міндет. Ал енді былтырғы он бір айда атқарылған жұмысқа тоқталар болсам, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 3315 субъектісі тіркелген. Оның 187 шағын және орта кәсіпорын, 1226 дара кәсіпкер және 1002 шаруа қожалықтары. Тіркелген шағын орта кәсіпкерлік суъбектілерінің саны – 3315. Өткен жылмен салыстырғанда қай-қайсының болмасын саны да, сапасы да артқан. Осы тіркелген субъектілердің 2883-і немесе 86,9 пайызы жұмыс істеді.
Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2883. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,9 пайызды құрап, 29,9 пайызға өсті. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында адам саны биылғы 1 шілдеге 3513, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда – 534, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда – 76, дара кәсіпкерлікте – 1818 және шаруа қожалықтарында 1085 адам жұмыспен қамтылған. 1 шілдеге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы – 4820,0 миллион теңге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 2175, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 62, дара кәсіпкерлер –1209 және шаруа қожалықтары 1374 миллион теңге.

– Ауданда өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып жатқанын білеміз. Осы жайлы өзіңізден естісек.

– Былтырғы қаңтар-қараша айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 30015,8 миллион теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 9043,8 миллион теңгеге артып немесе 143,1 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі – 100,5 пайыз. Ал өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлеміне тоқталар болсам, он бір айда 17536,7 миллион теңгені құрап, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 3270,2 миллион теңгеге артып, 122,9 пайызға орындалады. Нақты көлем индексі – 100,1 пайыз.
«Кәсіпорындарды талдайтын болсақ: «Talas Investment Company» ЖШС 12142 тонна цианид натрий және 3817 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 15449,9 миллион теңгені құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 3058,4 миллион теңгеге артық, ал заттай цианид натрий 700 тоннаға артық орындалды. 11 айда натрий цианиді 3480 (4720) мың тонна экспортталды, сомасы 5942,9 миллион теңге. Ол жалпы өндірілген өнімнің 31,3 пайызын құрап, Тәжікстан Республикасына және Ресейге экспортталды.
«Жамбыл недр» ЖШС ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 44500 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 138,7 миллион теңгені құрады. «Қаратау Про» ЖШС 1168 тонна карбонат кальций, 63375 тонна мәрмәр ұнтағын өндіріп, ақшалай 788,9 миллион теңгені құрады. «Амангелді газ» ЖШС 171,2 миллион текшеметр табиғи газ және 8,7 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 10880,2 миллион теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық орындалды. «Шолақтау» ЖШС 66,4 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 121,4 пайызға орындалды. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2,7 мың тонна газ және 6,6 мың тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 1159,2 миллион теңге. Өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық орындалды.

– Кәсіпорындарда айлық-жалақыны көтеру, ай сайын беру туралы туындаған мәселе бар ма?

– Аудан бойынша кәсіпорындар арасында еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар арасында айлық- жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ. Биылғы қаңтар айынан бастап 168 кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында айлық-жалақы 10-30 пайызға көтерілген. Оның ішінде: «Talas Investment Company» ЖШС, «Амангелді газ» ЖШС – 17, «Құрылыс Жанар» ЖШС – 10 , «Амангелді ГӨЗ» ЖШС, «Атамекен- Мрамор Көктал» ЖШС мен «Азмина Мрамор» ЖШС – 15, «Қазфосфат» ЖШС-
ның «Шолақтау» ТКӨК-і мен «Игілік» ШЖҚ КМК-і – 20 «Жамбыл-Недр» ЖШС мен «WIND ELECTRICITY» ЖШС – 30 пайызға арттырды. Қалған 158 кәсіпорын, шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер биыл ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуіне байланысты, тиісті мөлшерде көтерген.
Өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтау, жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасасу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге меморандумдар саны – 294 (жұмысшылар саны – 3801), оның ішінде ірі кәсіпорындар – 2 (жұмысшылар саны – 1010), орта және шағын кәсіпорындар саны – 292 (жұмысшылар саны – 2791) болып, қамтылуы 100 пайызды құрап отыр.

– Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша не айтасыз?

– Индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 миллион теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 миллион теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.
2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. Жобаның жалпы құны 22,6 миллиард теңгені құрады. Зауытта қазіргі таңда 557 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады. «Talas Investment Company» ЖШС 2022 жылы қаңтар-қараша айларында 12142 тонна цианид натрий және 3817 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 15449,9 миллион теңгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 106,4 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 51,7 пайызын құрады.
2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна «М-400, 500» маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Зауытта қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.
«Жамбыл Недр» ЖШС биылғы қаңтар- қараша айларында цемент және клинкер өндірген жоқ. Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары жиі істен шығудын әсерінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр. 2016 жылы жалпы құны 1946,0 миллион теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.
Он бір айда «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 63375 тонна, карбонат кальций 1168 тонна, мрамор үгіндісі 1316 тонна өндіріп ақшалай 788,9 миллион теңге болды. Өзінің толық қуаттылығының 60,2 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 2,6 пайызын құрады.
Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын алдағы жылға ауыстыруға шешім қабылдады.
Бұдан бөлек 2020-2025 жылдарға 34,3 миллиард теңгенің 4 зауытының құрылысы жоспарланды. «Talas Investment Company» ЖШС-ның мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 300. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары. «Қаратау ПРО» ЖШС жылына өндіретін өнімді 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыруды мақсат еткен. Жалпы инвестиция 1085,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 25. Іске асырылатын мерзімі 2023-2024 жылдары. «AsiaChem» ЖШС жылына 150,0 мың тонна минералды тыңайтқышын өндіруді мақсат еткен. Жалпы инвестиция 15000,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 250. Іске асырылатын мерзімі 2023- 2024 жылдары. «Karatau Chemicals» (Каратау Кемикалс) ЖШС болса жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруді мақсат етеді. Жалпы инвестиция 2800,0 миллион теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 30. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары.
Ауданда 2022-2025 жылдарға 50418,8 миллион теңгенің 73 жобасы жоспарланған. Онда 704 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан болжаммен 2,2 миллиард теңгеге зауыттардың инфрақұрылымына қажет. Талдап айтатын болсақ: биыл 5721,2 миллион теңгенің 23 жобасы, онда жұмыспен қамтылатындар 36 адам, 2023 жылы 94,2 миллион теңгенің 17 жобасы, онда жұмыспен қамтылатындар 16 адам, 2024 жылы 15203,9 миллион теңгенің 17 жобасы, онда жұмыспен қамтылатындар 275 адам, 2025 жылы 29399,5 миллион теңгенің 16 жобасы, онда жұмыспен қамтылатындар 377.

– Инвестициялық жобалар бойынша да әңгімелей отырсаңыз. Барысы қалай?

– Ауданда 2022-2025 жылдарға 49,8 миллиард теңгенің 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 617 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жергілікті жерге салық мөлшері 570,0 миллион теңгені құрайды. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі бойынша 44,3 миллиард теңгенің 4 жобасы, оның ішінде химия саласында 43,2 миллиард теңге 3 жоба. Ал «жасыл» экономика бойынша 5487,0 миллион теңгенің 3 жобасы жоспарланып, биылғы жылы іске асырылады. «Talas Investment Company» ЖШС өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыруды көздейді. Жалпы инвестиция 25438,0 миллион теңгені құрайды. 300 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары. «Қаратау ПРО» ЖШС. Жылына өндіретін өнімді 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 1085,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатынжұмысорны–25.Іскеасырылатын мерзімі 2023-2024 жылдары. «Азия хим» ЖШС жылына 150,0 мың тонна минералды тыңайтқышын өндіруді мақсат еткен. Жалпы инвестиция 15000,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 250. Іске асырылатын мерзімі 2023-2024 жылдары. «Karatau Chemicals» (Қаратау Кемикалс) ЖШС жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруді межелеген. Жалпы инвестиция 2800,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орнында 30 адам жұмыспен қамтылады. Іске асырылатын мерзімі 2023- 2025 жылдары.
Ал «жасыл» экономика саласы бойынша 5487,0 миллион теңгенің 3 жобасы жоспарланып, биылғы жылы іске асырылады. Жобалық құны 1829,1 миллион теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Новатэкс» ЖШС-ның құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп, жалпы қуаты 4,5 мегаватт болатын 3 қондырғы орнатылды. Жоба іске асырылып, 4 адам жұмыспен қамтылады.

– «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша да ауданда қолға алынып жатқан жұмыстан хабардармыз. Енді бизнесті дамытуға арналған осы бағдарлама туралы өзіңіз хабардар етсеңіз?

— Расында да «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде – «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының шапағаты біздің кәсіпкерлерге де тюуде. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес, III-тоқсанындағы мәжілісінде қаралған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жасалынған жоспарға сәйкес, 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстарға облыстық мәслихаты хатшысының өкімімен құрылған уақытша депутаттық жұмыс тобы ауданда зерделеу жұмыстарын жүргізді.
2022 жылдың 11 айдағы қорытындысымен барлығы 3628,9 миллион теңгені құрайтын 133 жобаға қаржылай қолдау шаралары көрсетілген. Оның ішінде: «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 3047 миллион теңгенің 80, «Атамекен» қаржы ұйымы арқылы 41,5 миллион теңгенің 9, «Казагролизинг» қаржы ұйымы арқылы 105 миллион теңгенің 7, «Іскер» бағдарламасы аясында 41,5 миллион теңгенің 11, «Агробизнес» бағдарламасы аясында 309,7 миллион теңгенің 19 және «Аулие Ата» НС арқылы 84,2 миллион теңгенің 7 жоба несиеге қол жеткізіп отыр. Жалпы бүгінде, жол картасы аясында қарастырылған қаражат толығымен игерілген.

– Индустриялық аймақ жайлы не айтасыз?

– Индустриялық аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 километр ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймаққа аудандық жер қорынан 49 гектар жер берілді. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Тараз индустриялды аймақ кәсіпорнының басқаруына тиесілі. Индустриялық аймақтың концепциясы жасалынған. Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company» ЖШС шоғырланған.
Жалпы индустриялық аймақтан құны 33,2 миллион теңгенің 3 жобасы жоспарлаған. Атап айтқанда, «Азия хим» ЖШС-на 20 гектар жер берілген. Жоба құны 5,0 миллиард теңгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фофор тыңайтқышын шығарады. Жұмыс орны 100 адамды құрайды. Іске асырылатын мерзімі 2023-2024 жылдары.
«Talas Investment Company» ЖШС-на 6 гектар жер беріліп, жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары. «Karatau Chemicals» (Қаратау Кемикалс) ЖШС. Индустриялық аймақтан 20 гектар жер беріледі. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросульфит натрий өндіру. Жалпы инвестиция 2800,0 миллион теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орнына 30 адам жұмыспен қамтылады. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары. Жұмысымыздың барысы осындай.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Амангелді ӘБІЛ. Талас ауданы.
02.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 241
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 377
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 374
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 606
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 548

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9251
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8647
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11874
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9645
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10856