КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ: КЕҢ ӨРІС

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ: КЕҢ ӨРІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елдің экономикалық, әлеуметтік дамуына серпін берерлік тың ойлар айтылды. Кейінгі кездері қабылданған шаралардың септігімен шағын және ірі бизнес қарқын алғаны рас. Осыны айтқан Қасым- Жомарт Кемелұлы бәсеңдеп қалған орта бизнесті де жоғарылатуға назар аудару керегін алға тартты. Шағын бизнестің өзара бірігіп, іріленуіне ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуді тапсырды.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету мемлекеттің әлеуетін нығайтуға тікелей әсер ететіні баршаға мәлім. Сондықтан да Мемлекет басшысының Жолдауларында бұл салаға қажетті мәселелер басым айтылады. Өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін көбейту үшін «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіріп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керегін нұсқады.

Отандық өнімдерді шетел нарығына шығарудың табысты екенін ескерген Президент «Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс» деп жүйелі жұмыстың жолын көрсетті. Бұл өз кезегінде еліміздегі өндірістің өркендеп, сол арқылы жұмыс көздерінің артуына септігін тигізетіні анық.

Кез келген адам үшін сапалы өмір сүру үшін баспана қажет. Тіпті, бұл мәселе қазіргі қоғамда өзекті болып тұр. Көптеген азаматтарға баспанаға қол жеткізуге «Отбасы банктің» көмегі тиіп жатқанын көріп те жүрміз. Президент осы банктің қызметін қайта қарауды тапсырып, қолжетімділікті күшейтуге тағы бір мүмкіндік ашылатынын байқатты. Сондай-ақ, басты назарды облыс орталықтарынан да бұрын аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аудару керегін ескертіп, аймақтардағы ахуалға көңіл бөлді.

Кәсіпкерлікте жұмысты жиі жаңартып отыру табыстылыққа жетелейтінін өмір өзі дәлелдеп келеді. Ал, жаңалыққа ұмтылдыратын бір тетік бәсекелестік десек, артық емес. Іскер адамдар бір-бірінен тәжірибе ала отырып, басқалардан асып түсетін жаңалықты табуға тырысады. Бұл, әрине бизнестің ілгерілеуіне жетелейді. Бұны да Жолдауда ескерткен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауға тиіс. Біз сауда-саттықты өркениетті жолмен жүргізу үшін тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасадық» деп тапсырды.

Кезінде түрлі айла-тәсілдермен жекеге өткен, шетелге асырылған активтерді өз мемлекетіміздің халқының игілігіне қайтаруды қатаң тапсырған Мемлекет Басшысы «Келесі маңызды мәселе – мемлекеттің экономикаға ықпалын азайту. Қазір жекеменшікке заңсыз өткен және шетелге шығарылған бірқатар активтер мемлекетке қайтарылуда. Біз ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құрып жатырмыз. Сондықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және мемлекет үшін тиімді шартпен нарыққа шығару керек. Жалпы, жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажет» деді.

Активтерді басқару ісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды көздеген бұл жұмыстар келесі 2024 жылдан бастап қолға алынатынын жеткізді. Келер жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатынын айтқан Президент «QazaqGaz» кәсіпорны да осы бастамаға дайындалуы керегін ескертті. Сонымен қатар, Президент ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуы керегін тілге тиек етті.

Көптеген кәсіпкерлер салық саласында бірқатар кедергілерге тап болып, ол істің өнімділігіне өз әсерін тигізіп жататынын көріп жүрміз. Осындай кедергілерді атап айтқан Президент кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалын маңызды мәселе деп қарады. «Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет» деген Мемлекет басшысы аталған салаға да әділдік орнатар жаңа тетікті көрсетіп берді.

Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтатуын тапсырған Мемлекет басшысы кәсіпкерлікке кең өріс ашып отыр. Тіпті, жуырда еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесетінін айтқанынан кәсіпкерлердің талап-тілектерін өз ауыздарын естіп, кедергілерді жоюға ықпал ететінін аңғартты. Әйтпегенде бизнесмендерге кездесетін кедергілер істі ілгерілетуге іркініш жасап қана қоймай, Үкіметті тікелей қаржыландырумен, кепілдік және субсидия берумен айналысуға мәжбүрлейтінін ескертіп, тиімсіз тәсілден арылуға шақырды.

Халықтың басым бөлігі несие алып, қарызға батып жүргенін де Президент назардан тыс қалдырмады. Борышкерлікке батпаудың бірден бір жолы қаржылық сауаттылық екені бесенеден белгілі. Бұл тұрғыда «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы көп көмегін тигізіп жатқанын айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы «Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деп ұтымды жобаның қанатын жаюға жол ашуды көздеді.

Біздің облыстың негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Агросекторға да баса көңіл бөлген Қасым-Жомарт Тоқаев «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіп орындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн» деді. Бұл біздің шаруалардың еңбегін еш кетірмей, төккен терін табыспен қайтаруға серпін береді деген сенімдемін.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Біздің ұғымда ауылдың дамуы елге береке ұйытады. Осыны ескерген Президент «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуға тиіс» деп ауылдағы ағайынның хал-жайын жақсартатын амалдарды да айтып берді.

Қорыта айтқанда Президенттің бұл жолғы Жолдауында экономиканың жетекшісі іспетті кәсіпкерлікке қолдау артатыны көптеп айтылды. Берілген тапсырмалар жылдамырақ жүзеге асса, еліміздегі бизнес өркен жайып, халықтың әл-ауқатының артуына серпіліс болар еді. Ендігі біздің күтетініміз де – осы, ол нәтижеге жетер күн де алыс емес деген ойдамыз.

 

Фарида ЖҮНІСОВА, облыстық мәслихаттың депутаты, экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711