КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Осы аптаның дүйсенбісінде аудандық мәдениет үйінде білім беру қызметкерлері кәсіподағы Мойынқұм аудандық кәсіподақ комитетінің V-ші есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға 2653 кәсіподақ мүшесі бар 46 бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан делегат ретінде сайланған 63 делегаттың 60-ы, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестігі облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияда еліміздің Әнұраны орындалып, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақтияр Махамедов кәсіподақ комитетінің есепті мерзім аралығында атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндама жасаса, ал аудандық кәсіподақ комитетінің тексеру комиссиясының төрайымы, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Людмила Киер сөз алып кәсіподақ ұйымының есепшотына түскен мүшелік жарнаның жұмсалуы туралы баяндап берді.
Конференцияда жарыссөзге шыққан ардагер ұстаз Мақсұт Омаров, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәди Күнту, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сағынғали Аманов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков кәсіподақ ұйымдарының нарықтық қатынастарға негізделген қоғамда, еңбеккерлердің құқығы мен әлеуметтік жағдайын, мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырудағы рөлі мен бастамашылдығы туралы айтып, білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің жұмысына оң бағаларын берді.
Конференцияда аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Бақтияр Махамедов бірауыздан сайланды.
Сондай-ақ алқалы жиын ұйымының атқару комитетінің жаңа құрамының мүшелерін, облыстық кәсіподақ ұйымының кезекті конференциясына делегаттар сайлады.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
17.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9189
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11815
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9584
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10798