Кәсіпқой бокс: Гена жеңіспен орал!

Кәсіпқой бокс: Гена жеңіспен орал!

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) атақты жапониялық спортшы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапони яға аттанды. GGG Instagram-дағы парақшасында жолға шыққа- ны туралы фотосын жариялап, астына «Жақында кездескенше, Жапония!» – деген қысқа жаз- ба қалдырды. Еске салсақ, Го- ловкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Екі боксшы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бой- ынша чемпиондық титулдар

үшін жұдырықтасады. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин осы кездесу үшін 12,3 млн АҚШ долларын алса, WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратаға 4,1 млн доллар сыйақы бұйырады деп күтілуде. Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы кездесу 2021 жылғы 29 желтоқсанда Жапонияда өтуі тиіс еді. Алайда елде коронавиру- стың «омикрон» штамының таралуына байланысты Жапония үкіметі бірқатар шектеу шараларын енгізген болатын. ді. Соның салдарынан олардың жекпе-же- гі 2022 жылға шегерілген.

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567