Кәсіпқой бокс: Головкин Муратаға шапан жапты

Кәсіпқой бокс: Головкин  Муратаға шапан жапты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында 9-ы сәуір күні өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберді. Кездесуден кейін Геннадий: «Бұл жолғы қарсыласым Олимпиада чемионы әрі WBA тұжырымы бойынша чемпион болды. Болды емес, қазір де чемпион. Бүгін соны рингте көрсетті. Жапония жерінде осындай үлкен спорт оқиғасы өткеніне қуаныштымын. Өз елдеріміздің жарқын өкілдері ретінде жақсы шоу көрсете алдық деп ойлаймын. Өз жанкүйерлеріме алғыс білдіргім келеді. Әсіресе Қазақстаннан арнайы келген жақтастарыма рахмет айтамын. Рахмет жігіттер! Алға, Қазақстан!» – деді. Жапония БАҚ-тарында Генаның Муратаға шапан жапқаны туралы талқылаулар жүріп жатыр. Мәселен, nikkansports.com сайты осыған орай мақала жариялап, онда Геннадий Головкиннің өз шапанын Муратаға жабу себебін GGG-нің өз сөзімен түсіндіріпті. Сонда Гена: «Біздің елде (Қазақстанда) өзіңнің көңілің толған адамға қазақы шапан жауып сый-сияпат көрсету дәстүрі бар, өйткені, шапан – қазақтың ұлттық киімі.  Мен өз шапанымды сол себепті Муратаға жаптым. Бұл менің Муратаға көрсеткен құрметім. Себебі, мен оны қатты құрметтеймін. Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Содан болар оған деген жақындықты сезіндім және оны керемет чемпион деп есептеймін. Соған орай оған чемпиондық белбеуін де қайтарып бердім. Ол соған лайық жолбарыс жүректі жапондық батыр», – депті. Қай елде жүрсе де, өзін «қазақпын» деп жүрген Генамыз, міне, осындай көңілі дархан азамат! 

 

Ермек САХАРИЕВ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567