Кәсіпқой бокс: Жәнібектің нокауты

Кәсіпқой бокс:   Жәнібектің нокауты

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы кездесу өткізді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта нокдаунға түскен Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 180 күн ішінде мына әрекеттерді жасауы керек:жеңімпаз дайын болса, орта салмақтағы WBO чемпионымен кездесу өткізеді. WBO 30 күндік келіссөздер кезеңін орнатады;б егер орта салмақтағы WBO чемпионы медициналық не физикалық тұрғыдан дайын болмаса, осы құжатта қарастырылған мерзімде кездесу өткізу мүмкін болмаса, орта салмақтағы WBO чемпионы атағынан айырылады.WBO чемпионды рейтингте бірінші орынға қоюды ұсынады, сондықтан «уақытша» чемпион әлемдік атақтың толық иегері болады. Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).

 

Ермек Сахариев
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563