Кедендегі былық-шылық

 Кедендегі былық-шылық

     ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында: «Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасы деректерінің айырмашылығы 5,7 млрд доллар болды.  0,3 млрд доллар методологиялық есеппен байланысты, 2,6 млрд доллар – Қытаймен арадағы тауар транзиті. Тағы 2,8 млрд доллар – нақты емес декларациялаудан, яғни киім, аяқ киім ойыншық сияқты тауарлардың жасырын айналымы. Жалпы алғанда, жоғарыда сөз болған 2,8 млрд доллар нақты емес декларациядан, республикалық бюджеттің жоғалтқаны шамамен 150 млрд теңге», – деген деректерді алға тартты. Қытаймен арадағы көлеңкелі сауда-саттыққа байланысты мәселе талайдан бері сөз болып жүрген. Алайда бұған ешкімнің тісі батпай келген еді. Өйткені Қытаймен арадағы кеденді экс-президент Н.Назарбаевтың туыстары «майшелпекке» айналдырып алғаны сөз болған. Қаңтардағы оқиғалардан кейін жағдай өзгергендей болды. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен арадағы кедендегі жемқорлық туралы арнайы айтып, тәртіпке келтіруді тапсырған. Іле-шала бірқатар кеден бекеттерінің басшылары қызметінен кетті.

Ермек Сахариев
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 186
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 200
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 467

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18379
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31978
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35744