Кемертоған: Елді қуантқан хаттама несімен тегеурінді?

Кемертоған:  Елді қуантқан хаттама несімен тегеурінді?

Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Алматы облысында

 

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылы туралы қаншама мақалалар жазылды десеңші! Өткен нөмірде ғана «Кемертоған: Күрмеулер мен түйткілдер бірте-бірте шешілуде. Бірақ...» деген бір бет материал берілді. Иә, Кемертоған ауылының мәселесін бүкіл Мәжіліс депутаттары, министрліктер, облыс, аудан әкімшіліктері болып әлі де түбегейлі шеше алмай отыр. Өткен нөміріміздегі мақаламызда ауылдың бір топ белсенділері ойларындағы түйткілдерді шешу үшін Қонаев қаласындағы облыс әкімшілігіне барғанын жазған болатынбыз. Онда тиісті орындардың басшылары келіп ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Әрине, ауыл тұрғындары белсенді күреске толы жылдан аса уақыт ішінде мұнда талай мәрте келіп, ақ жағалылардың уәделеріне әбден тойған. Бұл жолғы жүздесуде де халық олардың уәделеріне сенбей, егер ештеңе орындалмаса, енді Астанаға барамыз деген шешімге тоқтаған. Осы мәселелерге жауапты, Алматы облысының энергетика саласының жетекшісі Айдын Бегімбеков «бәрі дұрыс болады» деп барлық істі мойнына алды.

Айдын Бегімбеков мырза уәдесінде тұрып, өткен жиналыста айтылған түйткілдер мен кемшіліктерді түзетіп, тағы да хаттама жасап, оған тиісті орындардың мөрлерін бастырып, қолдарын қойғызыпты. Енді оның орындалуын күту керек. Әрине, бұл көңіл жұбатарлық құжат. Оның үстіне, өткен аптада жазғанымыздай, Іргелі ауылдық округі әкімшілігіне тексеріс жүргізіліп жатыр. Әзірге біз де осы мақаламызға көп нүкте қойып, келер күндерге үміт артайық. Кемертоған мәселесін алдағы уақытта да сіздерге хабардар етіп отырамыз.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805