Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Юнус Эмренің өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа басылымды таныстырды

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Юнус Эмренің өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа басылымды таныстырды

XII Баку халықаралық кітап көрмесі аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры түрік және ағылшын тілдерінде шығарған «Юнус Эмренің өмірі мен таңдамалы өлеңдері» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова, басылымды ағылшын тіліне аударған Демет Саманджи, филология бойынша философия докторы, доцент Хураман Гумматова, Юнус Эмре институты үйлестірушісінің өкілі Гамзе Айдын, сондай-ақ әдебиеттанушылар мен кітапсүйер қауым қатысты.

Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген Қор президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова түркі әлемінің бай әдеби және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған баспа жобаларының маңызын атап өтті. Ол Қор бірқатар көрнекті түркі ойшылдарының өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектерді 12-ден астам түркі және шет тіліне аударып, жарыққа шығарғанын айтты. Бұл басылымдар қалың оқырманды ортақ мәдени мұрамен таныстыруға, сондай-ақ түрлі халықтар арасындағы әдеби және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Жаңа басылымның ғылыми және мәдени маңызына тоқталған профессор Ақтоты Райымқұлова кітаптың іргелі академиялық еңбек екенін атап өтті. Басылымда Юнус Эмренің «Раушан гүлдерінің шоғы» жинағынан іріктелген 61 өлеңі тиісті түсіндірмелерімен бірге түрік және ағылшын тілдерінде алғаш рет ұсынылған. Қор президенті бұл еңбектің әлем оқырмандарын ұлы түркі ақынының терең философиясымен, ізгілік идеяларымен және рухани әлемімен таныстыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Іс-шара барысында кітаптың аудармашысы Демет Саманджи де сөз сөйлеп, басылымды әзірлеу үдерісі, Юнус Эмиеніғ поэзиялық мұрасын зерттеу және оның шығармаларын халықаралық оқырман қауымға кеңінен таныстырудың маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Тұсаукесер аясында сопы ақын әрі орындаушы Фахреддин Салим Юнус Эмренің өлеңдеріне жазылған дәстүрлі әндерді орындады.

27.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28928
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28469
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45749
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41396
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46066