КЕНЕДЕН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

КЕНЕДЕН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП
Күн жылт етіп жылынып, көктем шыға бастасымен аса қауіпті жұқпалы аурулар санатына жататын конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық маусымы да қатар келетіні белгілі. Яғни, осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп төндіреді. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында бүгін конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша штаб отырысын өткіздік.
Басқосу барысында жауапты мамандар өз ойларымен бөлісіп, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары, оған бөлінетін қаржы көлемі кеңінен талқыланды. Кенеге қарсы жұмыстардың өткен жылғы көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, былтыр конго-қырым геморрагиялық қызбасының 8 дерегі анықталған болатын. Тиісінше, науқастармен қарым-қатынаста болған 123 тұлға тіркеліп, олардың барлығы инкубациялық кезең бойы медициналық бақылауға алынған.
Кейінгі екі жылдағы көрсеткішке сүйене отырып, Шу қаласы мен Алға, Бәйдібек, Д.Қонаев, Балуан Шолақ және Мойынқұм ауылдарын конго-қырым геморрагиялық қызбасы жиі тіркелген қолайсыз елді мекендердің қатарына жатқызуға болады. Осыған байланысты, жоғарыда аталған елді мекендерді дезинфекциялау жұмыстары үш кезеңге бөлінетін болады. Мәселен, халық тығыз орналасқан Шу қаласындағы жер үйлердің санитарлық қорғау аймақтары мен қора-жайларды қоса алғанда жалпы көлемі 782672 шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмек. Дәл осы бағыттағы жұмыстар өзге де елді мекендерде жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде бұл жұмыстарға ауыл әкімдері мен жауапты мамандардан бөлек, жергілікті тұрғындар да атсалысса дейміз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1061
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7103
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10955
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7170
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7314