КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСТЕТІЛДІ

КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСТЕТІЛДІ
Тамыз айының соңғы жексенбісінде еліміз бойынша кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтетіні белгілі. Аталған мерекеге орай, ауданымызда орналасқан «Zhanashyr Project» ЖШС-нің «Жайсан» мыс кен орнына мәслихат төрағасы Жасұлан Әбеновпен бірге арнайы барып, кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтадық. Сондай-ақ, кен орнының басшылық құрамы мен қатардағы кеншілерге жыл бойы еткен еңбектері үшін алғысымызды білдіріп, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыс еттік.
Құрметті кен өндіру саласының еңбеккерлері!
Сіздерді бүгінгі Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер.
Мыс өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болады. Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады. Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
 
 
Бақытжан Жәнібеков Шу ауданының әкімі
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14216
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29363
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28000
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31531