Бүгін Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің әкімі Ахан Шортанбаев ауылдық округтің аумағында орналасқан қытай компаниясы «Жаңатас ВЭС» ЖШС-нің бас директоры Ван Фей мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Түркістан ауылдық округінің аумағында орналасып, жұмыс атқарып жатқан компания басшысына ауылдық округте соғылуы жоспарланып отырған құрылыс нысандарына кәсіпкерлік демеушілік көмек сұрады.
Одан басқа табиғат адамзат баласының басты байлығы болғандықтан, айнала тазалықты бірлесіп таза ұстау жөніндегі өз өтінішін білдірді.
Жаңатас ВЭС ЖШС-нің бас директоры Ван Фей мырза ауылдық округке алдағы уақытта кәсіпкерлік демеушілік көмек көрсететін айтып, ауылдық округ әкіміне Жел электр станциясының кішкентай ескерткіш макетін сыйға берді.