Кездесу қонағы – Қазиевтар

Кездесу қонағы – Қазиевтар

Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты балалар аула клубтарында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Сондай тағылымды кездесу «Атамұра» балалар аула клубында өтті. 

Отбасы күніне орайластырылған бұл жылы жүздесу «Өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы» деп аталды. 

– Отбасы – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі. Әрине қаламызда мерейлі, үлгілі, өнегелі отбасылар жетіп артылады. Біз солардың ішінен өнер қонған, талантты, өңірімізге кеңінен танымал Қазиевтар отбасының мүшелерін қонаққа шақырдық, – деді аула клубының меңгерушісі Күләнда Мәжитова. Иә, расымен де дәулескер күйшілер өсіп-өнген Қазиевтар әулетін облыс жұртшылығы жақсы таниды.

Кеш иелері отбасылық құндылықтар турасында ғибратты әңгімелер айтып, кездесудің шырайын кіргізді. Танымал күйші Ермек Қазиев өнер жолындағы әдемі естеліктерін әңгімеселе, қарындасы Асылғаным Еселқызы шәкірттерінің жетістіктерімен бөлісті. Ал Ермек ағаның ұлы, күйші, домбырашы Асылхан Ермекұлы «қонақ кәде» ретінде күй орындап берді. 

Өз кезегінде «Атамұра» балалар клубының тәрбиеленушілері Құрманғазының «Балбырауын» күйін, халықтың «Келіншек», «Тепеңкөк» күйлерін нақышына келтіре орындаса, «Еркеназ» ансамблінің кішкентай әншілері домбырамен төгілте ән шырқады. Кеш соңында қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің басшысы Серік Тоқмамбетов келген қонақтарға рахмет айтып, Алғыс хатпен марапаттады. Осындай керемет кездесуге ұйытқы болған «Атамұра» клубының ұжымы береке мен бірлігі жарасқан шаңырақты кең көлемде насихаттаса, үлгілі отбасылардың қатары күннен-күнге арта түсеріне сенімді. 

Жалпы Оралдағы дәстүрлі өнер бағытында жұмыстанатын «Атамұра» балалар аула клубының үйірмелеріне облыс орталығындағы 70-ке жуық бала қатысады. Олар да  өнерге құштар, дарынды жеткіншектер. Күләнда Бисенқызы атап өткендей, клубта домбыра,  дәстүрлі ән-терме, эстрадалық вокал,  қолөнер үйірмелері жұмыс жасайды. «Домбыра дастан», «Еркеназ» ансамбльдеріне, «Ән мұра», «Әдемі» үйірмелеріне қатысатын өнерпаздар – көптеген байқаулардың жүлдегерлері. Бұл үйірмелерге  Ләйлә Тельманқызы,  Панагүл Орынбасарқызы,  Әсемгүл Сайлауқызы сынды білікті мамандар жетекшілік етеді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799