Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарының барысы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев хабарлама жасады.
Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсан күні жауған қардан Жаңатас-Тараз-Саудакент- Жайылма, бағытындағы облыстық маңызы бар жоларды тазалауға 1 грейдер, 1 погрузчик және камаз техникалары жұмылдырылып, 70 шақырым жол тазаланды, 10 тонна құм себілді. Түркістан, Үшбас, Арыстанды, Жайылма, Қызылдихан, Маятас, Игілік, Жаңаталап, Байқадам, Ұйым ауылдарына кірес беріс жолдары қардан тазаланды. (1 грейдер, 1 погрузчик, 1 құмсепкіш).
12 желтоқсан күні азанғы уақытта жолдарды қардан тазалау және құм, тұз себу үшін техникалар қайта жұмылдырылады.
Мердігер мекеме «Сарысу жолдары» жол басқармасымен жыл басында жолдарды қардан тазалау, күтіп ұстау бойынша келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге, мердігер тарапынан тұйықта 1000 тонна құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған.
Аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарына (IV тоқсанға) аудандық бюджеттен 3,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған (мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС). Мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.
Күн тәртібінде «Құрылыс саласындағы жоспарлы жұмыстардың атқарылуы және 2024 жылға жоспары туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов баяндады.
2023 жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 10,8 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 157,0 пайызды құрады. Сарысу ауданында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда атап айтатын болсақ олар: «ЕвроХим-Каратау» ЖШС, «Qazaq soda» ЖШС, «Жаңатас қаласындағы цемент зауыты, «Сарысу жел электростанциясы» ЖШС-і. Сондай-ақ, Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебіне асханасы мен мәжіліс залының құрылысы мен спортзалының құрылыс жұмыстары аяқталуда. Биыл басталған Жайлаукөл ауылында 30 адамға арналған дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады., Маятас ауылына 50 орындық мектеп құрылысына қаржы бөлініп, мердігерлер мемлекеттік сатып алу арқылы женімпаз анықталды. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жоба іске асуда. Жаңатас қаласындағы Құрылысшы массивінің инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымын салу, су жүйесімен жабдықтау, газбен жабдықтау, электр жүйесімен жабдықтау және Жаңатас қаласындағы 4-ші және 5-ші шағын аудандарының инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымын салу, газ желісін тарту. Тұрғын үй саласын дамыту бойынша Жаңатас қаласы №2 шағын ауданы №32 90 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары өтпелі 2024 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
«Жыл қорытындысымен бюджеттің атқарылу болжамы туралы» аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е. Имашев, «Жылыту маусымының өту барысы туралы» «Жаңатас-Су-жылу» КМК-ң директоры Ә. Абилов хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшыларын тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.