КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының 2024 жылға арналған жоспарлары мен жобалары туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ. Тлеубаев хабарлама жасады. Возможно, это изображение 3 человека и текст
Халықтың осал топтарын әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында ағымдағы жылға 714,0 млн. теңге қаралып әр бағыттағы жұмыстар атқарылатын болады. Жоспарланған жұмыстар екі бағыт бойынша атқарылады.
І-ші бағыт Әлеуметтік қамсыздандыру; Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмекпен 605 отбасындағы 3059 адам қамтылады. Тұрғын үй жәрдемақысы 201 отбасындағы 950 адамға тағайындалатын болады. Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алу мақсатындағы жұмыстарға 1471 маман қамтылатын болады. Сондай-ақ, «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көмек көрсету» бағдарламасына сәйкес жыл ішінде 429 адамға біржолғы және әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан азаматтарға көмек ұсынылады.
ІІ-ші бағыт Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер.
Бұл бағытта мүгедек балаларды үйде оқыту, үйде арнаулы қызмет көрсету, есту қабілеті төмен мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметімен қамту, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстаны атқыру көзделіп отыр.
Күн тәртібінде «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдың алдын алу және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж. Танабаев баяндады.
Облыс аумағында су тасқынын алдын алу мақсатында, облыс аумағында су тасқыны жағдайларын зерделеу нәтижесімен әзірленген 2023-2024 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда. Су тасқыны және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына 112 адамнан тұратын ерікті жасақшылар тобы құрылған. 29 дана техника, 3 дана мотопомпа, 3000 дана қапшықтар, 74 дана резенке етіктер, 103 дана күректер әзірленген. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, үнемі бақылауда. Қыс мезгілінде облыстық мәні бар жолдарды күтіп ұстауға «Сарысу жолдары» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынған. Мердігер тарапынан тұйықта 1000 тонна құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған. Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен «Sholan-Bay» ЖШС-і айналысуда. Сондай-ақ, барлық ауылдық округтерде ауылдың ішкі жолдарын тазалауға техникасы бар азаматтармен келісім-шарт жасалынған. Қыс мезгілінде арнайы жылыту пункттері ашылған. Аудан бойынша 25 жылыту пункті бар.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
«Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердің санитарлық-тазалығын зерделеу нәтижесі» туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев және «Қосымша иммундаудан бас тартқан отбасылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі топтың атқарған жұмыс нәтижесі» туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
 
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665