Қазіргі кезде аудан тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелердің шешілуіне ықпал ету дәстүрге айналып келеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі мәселелердің қордаланбауына, кез келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізеді.
Күні кеше осы мақсатта бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрілді. Олардың қатарында тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту сынды мәселелерді көтерген тұрғындар да бар.
Қоғамдық қабылдауда жеке мәселемен емес, тұтас бір ауылды алаңдатқан мәселені көтергендер де болды. Қала мен ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер жеке-жеке зерделеніп, нақты жауабы берілетін болады. Сонымен бірге, жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында өткізілген қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады