КӨКПАР НАҒЫЗ БІЛЕКТІЛЕР МЕН ЖҮРЕКТІЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ

КӨКПАР НАҒЫЗ БІЛЕКТІЛЕР МЕН ЖҮРЕКТІЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ
Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов аудандық көкпар федерациясының төрағасы мен шабандоздарды қабылдап, аудандағы ат спортын дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесуде аудан басшысы ұлттық спортымызды дәріптеп жүрген шабандоздарды командалық көкпардан Қазығұрт ауданында ересектер арасында өткен Түркістан облысы чемпионатында жүлдегер атануымен құттықтады.
Елімізде ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттай отырып ел арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, париоттық сезімге, мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін атап өтті.
- Ауданда атқа мініп, көкпар шауып жүрген жастарымыздың саны артуда. Спорттың бұл түріне жастардың қызығушылығының артуы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі деп білемін. Жастайынан спортқа ден қойып өскен жастарымыз өзге жат қылықтардан аулақ болып, өздерінің мүмкіндіктерін тиімді істерге бағыттай алатыны белгілі. Осы орайда аудандағы ат спортына ерекше көңіл бөліп, ауқымды іс-шараларды қолға алу керек деп санаймын. Сіздер айтулы додаларда ауданның намысын қорғап, мерейімізді үстем етіп келесіздер. Бұл жеңістің артында үздіксіз жаттығуда төгілген тер мен тынымсыз еңбектің жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан спорт саласындағы алар асуларыңыз бұдан да биік болатынына сенім білдіремін,-деді аудан әкімі.
Көкпар федерациясының төрағасы Жұмабай Сәрсенбаев аудандағы ат спортын дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жалпы елімізде ат спортын дамытуға ерекше мән беріледі. Ұлттық спортымыздың бұл түрі Отырар ауданында да өз деңгейінде алға жылжып келеді. Көкпар спорты білектілер мен жүректі азаматтардың бақ сынайтын алаңы деуге де болады. Командалық көкпардан Қазығұрт ауданында ересектер арасында өткен Түркістан облысы чемпионатында Отырар ауданының намысын қорғаған шабандоздар ІІІ орын иегері атанған болатын.
Кездесуде аудан әкімі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық спортымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды арнайы алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтарды табыстады
Айта кету керек, айтулы көкпар чемпионатына Түркістан облысының аудан-қалаларынан 15 команда қатысты. Екі күнге созылған ат спорты сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Бұл чемпионатта көзге түскен жігіттер мен сәйгүліктер облыстың құрама командасына іріктеліп алынып, алдағы уақытта Қызылорда қаласында өтетін ел біріншілігіне қатысады деп күтілуде. Ал республикалық деңгейде үздік атанғандары халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғамақ.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Өңірдің сайыпқырандары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, жүлде алады деп күтіліп отыр.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
24.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 23
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 48
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8950
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8344
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11570
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9328
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10554