КӨКПАРДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

КӨКПАРДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

Қазақ халқында ұлттық ойындардың ішінде  көкпардың алар орны ерекше. Көкпар әдетте ер балалардың физикалық шынығуына әсер етіп қана қоймай, олардың бойына жылдамдық, ұтқырлық, табандылық секілді қасиеттерді сіңіріп өсуіне жол ашады. Бүгінгі материалда көкпар ойыны қалай пайда болғанына тоқталып, шығу тарихы мен ойын ерекшеліктерін кеңінен баяндайтын боламыз. 

 

Көкпар – бұл екі топқа бөлінген ат үстіндегі шабандоздардың ешкі немесе қой тушасына таласу сайысы. Ойын жеңімпаздары командалардың тушаны қазандыққа салу есебімен анықталады. 

«Көкпар» түрікше «кок бору» (көк бөрі) сөзінен аударылған. Ертеректе айтылған аңыздарға сүйенсек, қойды соққан қасқырлар бөлтіріктеріне тушасын апарып отырған, бөлтіріктер оған таласып, бірін-бірі қуып ойнаған. Содан кейін адамдар оны бөлтіріктер ойыны деп атаған немесе «көк бөрі» атауы осыдан шыққан. Ойын арқылы шабандоздың ғана емес, сонымен бірге аттың да мықтылығы сыналады. Көшпенділер бұл ойын кезінде физикалық қабілеттерін жетілдіруге аса мән берген. Сондықтан да ойын ел арасында кеңінен танылған. Жер, су, жем-шөп үшін талас көшпенділер арасында жиі болып тұратын еді. Ел арасында қақтығыстар болмаған кезде де, жас жігіттер өзін бабында ұстап, кез келген соғыста жауға тойтарыс беру үшін көкпарға қатысуды жөн санаған. Көкпар ептілікті шыңдап қана қоймай, ешбір жаттығу арқылы қозғай алмайтын бұлшықеттің де жұмысын жақсартады. Сонымен бірге ойын ауылдастар арасындағы ауызбіршіліктің сақталуына, ауылдың біртұтастығын демеп отыруға септігін тигізген. ХХ ғасырдың 70-жылдарына да дейін бұл ойынға мән берілмей, аса қауіпті ойын түрі ретінде қаралды. Ойынға ешқандай дәреже берілмей, тіпті спорт түрі ретінде еш реестрде тіркелмеді. Бірақ ауыл арасында ойын кеңінен тарап, әуелде тек қызығушылық ретінде ойналса, кейіннен дәстүрлі түрде мереке, тойларда ойнатылып, танымалдыққа ие бола бастады. 80-жылдарға қарай ойын түрі жаңа статусқа ие болып, тіпті ұлттық спорттың осы түрінің арқасында күрестен олимпиада чемпиондары шыға бастады. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық спорт түрлері одан әрі дамып, әлемдік деңгейге дейін көтерілді. 2001 жылы Бішкекте көкпардан Халықаралық федерацияның негізі қаланды. Бұл ұлттық спорт түрінің жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізді. 

 

Ойын шарттары және түрлері 

El.kz басылымы ұсынған мәліметтерге сай, көкпарға тартылатын қой немесе ешкінің салмағы кем дегенде 40 келі болуы керек. Ойынға малды немесе оның муляжын қолданады. Қазіргі таңда жануарларды қорғаушылар көкпарға тек муляжды қолдануды талап етуде. Бірақ ойын барысында муляж көкпаршылардың ұстауына ыңғайсыз болғандықтан, ол бірнеше минутта ойынға жарамсыз болып қалады. Халықаралық стандарттарға сай муляжды тек әлемдік сайыстарда, ал ел ішіндегі жарыстарда, ата-дәстүрімізге сай серкені қолдану туралы шешім қабылданған. Көкпарға қатысушыларға жасы бойынша шектеу жоқ. Егер денсаулығы жарамды болса, зейнеткерлерге де қатысуға рұқсат етілген. Қазіргі талаптарға сәйкес әр көкпар командасында міндетті түрде дәрігер, мал дәрігері болуы тиіс. Ойынға қатысар алдында қатысушылар міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіліп, әр қатысушыға медициналық кітапша ашылады. Қатысушылар саны бойынша теңдей екіге бөлініп, қайсысы қазандығына көп тушаны салатын болса, сол жеңіске жетіп, әлгі малдың етін өз ауылында қалдырған. Ертеде ойынға жүзден аса, тіпті мыңнан аса ойыншы қатысқан екен. Мұндай көкпар түрі халық арасында «жаппай көкпар» деп аталған. Еліміздің оңтүстігіндегі ауылдар арасында жаппай көкпар әлі де ойнатылады. Қазіргі таңда аумақтық ерекшеліктерге сәйкес, ойын уақытына қарай көкпардың түрлері өте көп. Мысалы екі ауыл арасындағы көкпарда ойын алаңы ретінде арақашықтығы бірдей орталық белгіленіп, тушаны қай команда өз ауылының аумағына бірінші кіргізсе, сол жеңімпаз болып есептелетін түрі де бар. 

Мереке-тойларда ашық алаңда немесе жайлауда «аламан көкпар» кеңінен танымал. Көкпардың бұл түрінде ойыншылар санында шектеу болмайды. Ұлттық спорт түрі ретінде ойын шарттары қаталдау. Әр командаға кемінде тек 10-12 қатысушы алынып, ойын алаңына тек төртеуден шығып, қалғаны бір-бірін алмастырып отырады. Ойынның ұзақтығы – 15 минут. Ойын уақытында қарсыластан тушаны тартып алуға, лақтырып бір-біріне беруге, жерден көтеруге рұқсат беріледі. Ал ойын барысында қарсыластарға бір-біріне күш көрсетуге, атын үркітуге, тушаны тақымына байлап алуына тыйым салынады. Туша қазандыққа салынған соң ойын қайта басталған. Негізгі уақытта тең түскен жағдайда қосымша тағы 15 минут беріледі, ол уақытта да ойын жеңімпазы анықталмаса, екі жақтан бір-бір қатысушы шығып, тағы 10 минут уақыт беріледі. Қай команданың қатысушысы тартыста жеңіске жетсе, сол команда жеңімпаз деп танылады. Көкпарға тартылған туша жеңімпаз командаға беріледі. 

 

Көкпар жылқысын қалай баптайды? 

Көкпаршылардың айтуынша, аттың кез келген тұқымы бұл спорт түріне ыңғайлы. Бес-алты жасар жылқылар барлық бұлшықеті дамыған, сүйектерінің толық жетіліп біткен жануар деп танылады. Сондықтан көкпарға көбіне 5-6 жасар аттарды қатыстырады. Ойын тартысқа толы болғандықтан, оған тек еркек малды (айғырларды) баптайды. Елімізде көкпар атын арнайы баптайтын бапкерлер жоқ, сондықтан әр көкпаршы атын өзіне ыңғайлы етіп өзі баптайды. Көкпардың бүгінгі аяқ алысы қандай? Елімізде Ұлттық Федерация құрылғаннан кейін көкпар жаңа деңгейге көтеріліп, дами бастады. Қазақ көкпаршылары халықаралық турнирлерге қатыса бастады, ел ішінде де жүйелі жоспар бойынша көкпар сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында арнайы көкпар клубтары, спорт мектептері бар. Онда спортшылар дайындалып, түрлі сайысқа қатысып, разряд, атақ алады. Сайыстардың ең маңыздысы – Қазақстан чемпионаты. Чемпионат дәстүрлі түрде 2001 жылдан бері ұйымдастырылады және 7 күнге созылады. Еліміздің оңтүстігінде көкпарға қатысатын шабандоздар шеберлігімен көзге түседі. Астанада өткен ЭКСПО Халықаралық көрмесінде Ұлттық спорт Ассоциациясының ұйымдастыруымен алғаш рет көкпар ойынынан Әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алып, қатысушыларына КМС атағы берілді. Түркия, Қытай елдерінде өткен сайыстарда да еліміз алдыңғы қатардан көрінуде. Әлем бойынша көкпар спорт түрінен Қазақстан және Қырғызстан құрамалары үздік санатта. Көкпар ойыны – мінезді, адам бойындағы қайсарлықты, батырлықты шыңдайды. Ойынға тек нағыз ержүрек, табандылар ғана қатыса алады. Ойыншылардан физикалық дайындығымен қатар, эмоционалды дайындығы, қарсыластың күшін дұрыс бағалай алуы, астындағы атын басқара алуы талап етіледі. 

 

РАУАН МУТАИР
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 163
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645