Көкшенің көркі Ақмоланың мәртебесін арттырады

Көкшенің  көркі  Ақмоланың  мәртебесін арттырады

Жоғарыдағы брифингтен соң әкім Б.Ғайсамен шағын сұқбат құрған едік. Соны оқырман сіздердің назарларыңызға ұсынамыз..

 

 Көкшетау қаласының әкімі  Ғайса Бауржан Сейтқалиұлы         

Бауржан Сейтқалиұлы 1972 жылы  бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында дүниеге келген, бiлiмi жоғары. 1996 жылы Челябi мемлекеттiк агроинженер университетiн «инженер-механик»,  2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «есеп және аудит бакалавры»,  2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттiк экономика жоғарғы мектебiн «Еуропа Одағындағы мемлекеттiң қауiпсiздiгi» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы қатардағы жұмысшы, 1992 -1994 жылы Қостанай облысы Затобол кентiнiң «Күмiс» шағын кәсiпорнынында маман1994 - 2011 жылдары  жеке кәсiпорында басшысы болған.
2013 жыл «Нұр-Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы, , 2014 -2016 жылдары «Нұр — Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары,  2016 -2018 жылы Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 2018 -2019 жылдары Ақмола облысы Қорғалжын,Зеренді  ауданының әкiмi, Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып  тұрып 2021  жылдан Көкшетау қаласының әкімі лауазымына тағайындалған.

 

 Бауыржан Сейтқалұлы, Қазақ тарихында  Көкшетау елі мен жерінің алатын орны ерекше. Табиғаты өзгеше осынау аймақ «Киелі Көкше жері», «Жер шоқтығы Көкшетау», «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» деп,  ел  таңғажайып атаулармен қосарланып атаған.  XVIII ғасырда «Хан Ордасы– Көкшетау» атанды. Ұлы хан Абылай 40 жыл ордасын тікті. (1711-1781). Барша қазақтың басын қосып, ешкімге бодан қылмай, азат ел  етті. Бүгін Көкше өңірі көркейіп гүлденіп келеді. Тұрғын үйлер салу өте қарқынды атқарылып жатыр. Бұл өте қуанарлық жағдай.   Көкшетаулықтар әр жетістіктерге қуанып, мақтанумен қатар,  өзі тұрған қаласының патриоты болуы шарт.Осыны жалпы Көкшетаулықтар сезініп жүрсе дейміз. Сізде Көкше өңірінің тумасыз. Патриоттық сезіміңіз жоғары деп, білеміз.  Осы орайда қала әкімі ретінде сізге бірнеше сауал. Алдымен,  Көкшетау қаласының жалпы экономикалық жағдайы туралы аз ем айтып өтсеңіз.

-         Қала экономикасы өндіріс ошақтары, кәсіпкерліктің өркені нәтижелі жұмыстауына байланысты ғой.

Өнеркәсіп секторы жылына орташа   173-190  млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу секторы 138,7 млрд теңген шамасында. Экономикаға бағытталған инвестициялар көлемі соңғы жылдарға көз салсақ  70,7 млрд теңгеден басталып, жыл сайын 1,5- 3 есеге, ауыл шаруашылығының  өнім көлемі 7,1 млрд теңгенеден көтеріліп, 3,9 пайызға өскен  өсім байқалады.

Қаладағы «Гормолзавод» ЖШС, «Eurasia Group Kazakstan» ЖШС, «ЕNKI» ЖШС сияқты кәсіпорындар өткен жылдары өндіріс көлемін кеңейтіп, қалада 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрды. Шаһар шаруашылығы көп салалы. Қала тұрғындары үшін пайдалы да маңызды жобалар қолға алынғалы отыр. Индустриялық-технологиялық парктің екінші кезеңі  «КАИК» ЖШС және  қабырға панельдерін шығаратын «Бетон» СКЦ ЖК, макарон өндіретін «AGROFIDELITY» ЖШС, қаптар шығаратын «Көкше city» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың өндірісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде және жүріле береді.  Бұл дегенім із, қосымша жұмыс орындарын ашу, салық төлемдерін ұлғайтып, бюджетке қомақты түсім беретін мүмкіндіктер ашады деп, білемін. 

Қалада 20 мыңнан  астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Көрсеткіш жыл сайын  9-10 пайызға өсіп,  олардан бюджетке түсетін түсім сомасы 12,0 млрд теңгеден асып жүр.   Шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындардар жыл сайын орташа  830 – 2500 адамға жаңа жұмыс орнын дайындап келеді.  

 Бауыржан Сейітқалиұлы:-"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына көшсек. Жобадағы маңызды мақсаттардың бірі Халықты тұрғын үймен қамту қайлай жүріліп жатыр.

Тұрғын үй әлеуметтік сала ғимраттары қарқынды салынуда 

Халықтың тұрғын үйге деген сұранысын өтеудің бір жолы – құрылыс қарқынын дамыту. Өткен жылдары  жалпы ауданы 80-  200 мың шаршы метрден астам коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үйлер салынды және салынуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін жылына 5- 11 тұрғын үй пайдаға беріліп келеді.

Атап айтсақ, соңғы жылдары 17 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп 2022 жылы  5 үй, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 2 үй пайдаға берілді. Қалған 10 үй жыл соңына дейін пайдаға асады. Вернадский 11 мекен-жайындағы апатты үй тұрғындарын көшіру өзекті мәселелердің бірі болып келді, ол оңтайлы шешілді.

  

 Құрылыс алаңында мердігерлермен кезекті іс шараны  талқылау.

Ескі үйлерді күрделі жөндеуден өткізу қалыпты жүріліп жатыр. «ТКШ жаңғырту» бағдарламасын орындау үшін 40-тан астам көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс тек облыс орталығында ғана емес, ауылдық округтерде де жүргізілуде.

Қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін сәйкестікке келтіру мақсатында қала әкімдігі ескі және апатты тұрғын үйлерді бұзуды көздейтін жаңарту бағдарламасын іске қостық, бұл нәтиже беретіне сенімдіміз.

2022 жылдан бері 3 балабақшаның құрылысы жүргізілуде – оның екеуі Сарыарқа шағын ауданында, оның бірі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған және Красный яр ауылының Нұрлы көш шағын ауданында. Көкшетау қаласында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жоспары шеңберінде   Бейбітшілік, Красный Яр шағын ауданында  1200 орындық , Сарыарқа шағын ауданында  2300 және  2500 орындық екі мектеп салу жоспарланып, алды басталу үстінде.

Сарыарқа шағын ауданында «Viamedis» клиника-оңалту орталығы өткен жылы пайдалануға берілді, оның қуаттылығы-ауысымына  500 адам,  46 орынды күндізгі стационар  салынып, жұмыс істеп тұр. Орталық инсульт пен инфаркт алған азаматтарға оңалту қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл орталық Астана, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сияқты көршілес өңірлер үшін тартылыс орталығы болуға мүмкіндік беретін республикадағы жалғыз сауықтыру орны. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл жоба өңір үшін өте маңызды. Қазір дайындық шаралары жүріп жатыр, Сарыарқа шағынауданында аурухана құрылысы үшін 17 гектар жер телімі бөлінді»,

Красный Яр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, Станционный кентінде мәдениет үйінің құрылысын салу жобасы нақтыланды.

Бауыржан Сейтқалиұлы,  Шаһарды ауыз сумен толық қанымдау басты мәселе деп білеміз.  Сумен қанымдау мәселесі өзектілігін жоятын уақыт жақынба.

-         Қаланы сумен жабдықтауға қатысты түйткіл көп. Қолданыстағы су құбырын тазарту қондырғылары 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді, өткізу қуаты 21 мың текше метр, бүгінгі таңда қала шамамен 30 мың текше метр су тұтынады, сүзгілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қуаттылығы 30000 текше метр жаңа су тазарту құрылыстарын салу жобасы қаралуда. Красный Яр ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша сумен жабдықтаудың магистральдық желілерін өткізу бойынша шаралар қабылданды.

Сумен жабдықтау мәселелері ерекше бақылауда. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метр су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және кеңейту» жобасы жасалып  іске асырылуда.  

Биылда сумен қанымдау жайында біршама жжоспарлы жұмысты атқармақпыз. Атап айтсам,   Красный Яр ауылындағы Ә.Ұмышев көшесінен Абылай Хан көшесіне дейінгі Садовая көшесі бойымен су құбырын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, Заречная және Киров көшелерінде су құбыры желілерін тарту бойынша жұмыстар жоспарланған.

Жайлау шағын ауданы суды Сергеев су қоймасынан тікелей тұтынатынына байланысты, сумен жабдықтаудың жиі үзілістері, сондай-ақ Жоғарғы Жайлауда қысымның болмауы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы таза су қоймалары жөнделді. Бүгінгі таңда ұзындығы 1300 метр су құбыры тартылды. Жайлау шағын ауданында қоймаға дейін суағар құрылысын жүргізу, су айдауыш мұнарасын орнату, бейнебақылау және жарықтандыруды орнату арқылы санитарлық-қорғау аймағын абаттандыру жоспарлануда.

Чаглинское су қоймасынан суағардың үшінші тармағын салу жоспарланған, кешікпей  басталады.  НПП «Базис» мердігер ұйымы қолданыстағы тазарту құрылыстарында 6 сүзгіге ағымдағы жөндеу жүргізіп, құмның сүзгіш жүктемесі мен металл конструкцияларын ауыстыратын болады. Реагентті шаруашылықты, аэрациялық және дренаждық жүйелерді жабдықтау, тұндырғыштарды байлау бойынша жұмыстар жоспарланды, Бұл істі кешіктірмей қолға аламыз.

Өткен жылдары Бейбітшілік, Застанционный шағын аудандары мен Красный Яр ауылына 7000 метр су желісі тартылған. Көкшетау-Петропавл трассасы мен Жайлау шағын аудандарында 3000 метр кәріз желісі салынды. 2500 метр су желісі қайта салынды. Қалада –4, Красный Ярда –5 құдық қазылды. Су мұнаралары да салынып жатыр.Біз қалайда қала халқын ауыз сумен толыққанымдауды мақсат тұтып, жанжақты жоспарлар жасап, жобадағы мақсаттарды орындауға тырысып жатырмыз

Бауыржан Сейтқалұлы,  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуғада тоқтала кетсеңіз.

Тұрғындарды жұмыспен қамту, осал топқа оңтайлы көмек

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау тұрақты. Қалада  505 отбасына 56,2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленіп келеді. Бұдан басқа өткен жылдары  728 - 877 көмек сұрап арыз арыз берушіге 218-  360 млн. теңгеден астам  мекенжай -әлеуметтік көмегі  тағайындалып, табыс етілді.

Өңір басшысы Е.Маржықпаев және қала әкімі Б.Ғайса тұрғындарды қабылдау сәті.

 Өткен жылдары тұрғындардың осы санатына арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде баспана сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшерінде 2- 20 тұрғын үй сертификаты берілді. Бұған мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар, толық емес отбасылар үміткер бола алады. Халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Көп балалылар, осал топтар үшін  облыстық балалар ауруханасыны негізінде  «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы тұрғындарды  жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша  2298 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде  1926 тұрақты орынмен қамтылған. Жылдарды салыстырып  айтсақ жыл сайын 3- 4,5 мың адам, кей жылы бұданда көп адам жұмыс орнымен қанымдалып жүр. 

Қала халқын алауатты өмір сүру салтына бейімдеу  – балалардың ойын және спорт алаңдарын көбейту болып табылады. Өткен жылдары  15 спорт және 9 балалар алаңы қолданысқа берілді.Қопа көлінің жағасында бірнеше шақырып соңғы үлгідегі демалыс-серуен сая бағы ашылды.  Сарыарқа шағын ауданында «Арлан» хоккей академиясы үшін жабық футбол және волейбол алаңдары, әлеуметтік-қоғамдық мақсаттағы нысандар, қонақ үй қамтылатын шайбалы хоккейге арналған жабық мұз аренасының құрылысын салу қолға алынып жатыр.  

Бауыржан Сейтқалұлы,  жыл сайы қала халқы өсіп өніумен қатар, көлік саныда артып жатқаны белгілі. Сондықтан, қала іші жолдарының сапасы, жыл сайын қанша шақырымжолсалынып, жөнделіп жатыр.

   Қала іші жолдары жыл сайын жақсаратын болады

-Қаладағы жол сапасы әлі де өзекті. Себебі қала кеңейіп келеді. Ірге ұлғайған сайын жол,су, жылу сияқты  имфрақұрылымдардың қажеттілігі артатыны белгілі.  Жыл сайынғы байқау уақытында жарияланғанның арқасында сәуір,мамыр айында жол жөндеу жұмыстары уақытында басталып келеді. Әсіресе қаланың шеткі аудандары үнемі назарда. Өткен жылдары  24,2 35  км жол учаскесі жөнделіп, 14,5- 20 км жерге қиыршық тас төселеді. Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жобасы шеңберінде Сүлейменов көшесіндегі көпірді қалпына келтіру аяталды.  Бейбітшілік шағын ауданы, Уәлиханов- Қайыңды-Уокешо – Балуан Шолақ – Құрманғазы – Дмитриев көшелеріне асфальт төселді. Сонымен қатар басқа көшелергеде осындай жағдай жасалып, жыл сайыннғы көрсеткіш,  шаһардағы жолдардың сапасының 64,5- пайызға жақсарды. 2025 жылға дейін жол сапасының көрсеткіші 80- 90 пайызға жететін болады. Келесі жылы «Көкшетау қаласының орнағанына 200 жыл» толады. Сондықтан, қала ішкі жоладыр тыңғылықты жөндеу, абаттандыру біздің басты мақсат болып тұр. Жөндеу жұмыстары бірнеше жылға созылған Ю.Гагарин көшесіндегі ахуалға халық алаңдап,  арызданған еді. Нәтижесінде мердігер ұйым бұл жұмысты  аяқтады.

Бейбітшілік шағын ауданы тұрғындары автобус қатынасына қатысты шағы жазды. Ол шағым оң шешімін тауып, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жолаушылар тасымалы жолға қойылды. Жолаушы тасымалдауда автобусқа тізгіншілер жетіспеу арылмай келеді. Оған себеп жүргізушілерге қойылтатын талаптың жоғарлауына байланысты болып тұр. Жас жүргізушілер бұл талапқа сай келмегендіктен, автобус айдауына мүмкіндік жоқ. Қәзір жаңада, жүруге жарамды автобустар тізгіншілер жоқтықтан қаңтарылып тұр.

.

Бауыржан Сейтқалұлы, ең маңыздыда соңғы сауал дейік. Көкшетаудың жылу мәселесі тұрақты емес. Өткен ғасырда  қала көк мұзға оранғаны ел есінен шығатын емес. Себебі, салынады деген ЖЭС әлі салынған жоқ. Осы ғасырдың басында салынады деген, жоба жоспар жасалды деген, көптеген ақпарат шықты. Бірақ, бүгінгі күні бұл жоспар әлі қағаз жүзінде. Тіпті, сол қағаздағы цифрда ескіріп жатқаны жайлы мана брифингте атап өттіңіз. Ал құрылыс қарқынды салынып жатыр. Арты не болады. Бұл келеңсіздіктен арылатын жанама жоба, жоспар барма?.

  Жылу жүйесі жыл сайын жаңартылғанмен, ЖЭС салу кешігіп жатыр

-          Маңызды және орынды сұрақ. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін негізгі мәселелердің бірі – жылумен жабдықтау. 2021 жылы бірінші бу қазандығында 100 гигакалориялық жаңа газ-мазут қазандығы пайдалануға берілді. Өткен жылы  «Көкшетау Жылу» қазандық жабдықтарына 2,5 млрд теңгеге жөндеу жүргізді. Атап айтқанда, РК-1 жылу қазандығының агрегаттарына, желілік құбырлар мен сорғылардың ілмекті арматураларына, мазут шаруашылығы, химиялық тазарту қондырғысы күрделі жөнделді. Сейфуллин, Байтұрсынов, Әшімов, Ғабдуллин, Әуелбеков, Абай көшелерінде ұзындығы 2 мың метрден астам магистральдық жылу желілері ауыстырылып, НПС-2 сорғы станциясының технологиялық жабдығы жаңартылды. 2021-2022 жылдары жылуға қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым көп түсті. Соған орай 2-ші бу қазандығында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу маусымына дайындық шаралары ерте қолға алынды. Шағымдар және қажеттілікке орай былтыр жылыту маусымы уақытылы басталып, барлық 1024 көппәтерлі тұрғын үйлер, бизнес және әлеуметтік нысандарға жылу берілді. ТМ-2, Темірбеков көшесіндегі жылу магистральдарына жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. 2,3 млрд.теңгеге Әшімов көшесі мен Әуезов көшесі бойындағы жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылыту маусымына арнап ҚР Үкіметі өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетау қаласындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарына өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Осы қаржы арқылы жыртығымызды жамайтын боламыз. Қала тұрғындарын екі қазандық – 1-АҚ (1977 ж.) және 2-АҚ (1998 ж.) жылумен қамтамасыз етеді. Біріншісінде жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын 3 газ-мазутты қазандығы, екіншісінде – қуаттылығы 280 Гкал/сағ болатын 3 ұнтақ көмір қазандығы орнатылған. Бүгінде жылу көздеріндегі жабдықтар әбден тозған. Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырларын, ауа жылытқыштарын жөндеу және басқа да жұмыстары жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуіне жағдай жасалады. 

 

-          Ал,  жылу электр орталығының құрылысы жайына келсек.  «ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес Көкшетауда ЖЭО салу жобасын одан әрі іске асыру республикалық деңгейде жүргізілуде. ҚР Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп ведомствоаралық комиссия құрды, жобаны іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 15-6-бабына сәйкес өткізілген тендердің нәтижесін пысықтауда, бұл осы жобаны іске асыру мерзімін айтарлықтай қысқартуы мүмкін» деген, жазбаны түсінікті болу үшін  оқып өтейін. ЖЭС салуға конкурс жарияланды. Бірақ, қатысушы табылған жоқ. Себеп, бағаның шарықтауы себеп. Бұл мәселе бойынша екі байқау өткізілді, бірақ, өкінішке орай, оған ешкім қатысуға ниет білдірген жоқ. Бүгінгі таңда министрлік бұл жобаны түзетуде. Оның басты себебі,техникалық-экономикалық негіздеме жасалған кезде баға басқаша болғанында.  Одан бері біраз уақыт өтіп, ол баға қазір ескірген. Бизнес әрқашан экономикалық пайдасы бар жерде жұмыс істейтінін білесіздер. Бұл қала әкімінің дегнейінде шешілетін мәселе емес. Біз жоғарыға, тиісті министрліктерге ұсыныс айту. Ал, шешімді солар қабылдайды.

Бауыржан Сейітқалиұлы, аз уақытта біраз мәлімет бердіңіз. Ескертусіз сұқбатқа шақырдық.  Айыпқа бұйырмаңыз. Қажеттілік солай туындап тұр. Қаламыздың өркендеп, көркеуі және сіздіңде қызметіңізден табыс күтеміз.

Түйін. Солтүстікте 6 айдан астам қыс болады. Ал қыста не керек. Жылу керек. Айта кету керек, бүгінде жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен жалпы жергілікті экономиканың дамуы аясында Көкшетаудың энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін толыққанды жылу электр орталығының құрылысы пысықталып жатыр, деген байырғы бір уәж. Иә, пысықталып жатыр бірақ, бұл пысықталу ана ғасырда басталған еді. Бірақ, әлі пысықталумен келеді. Жоба, жоспар бар, оны салатын мердігер жоқ. Жылдамдатпаса нарықтағы баға, аспандағы баға. Оны тоқтату мүмкін бе. Оны білмейміз. Сондықтан,  ЖЭС салайық деген Көкшетаулықтардың ұсыныс, тілегіне   жоғарыда отырғандарда  ниет,құлық  танытып тездетсе екен. Жоспарлау, пысықтау, пысықталу қашан тұйықталады, белгісіз кейіпте отыра бермейік. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына Премерь-министрден бастап,инфрақұрылым,  энэргэтика саласына қатысты министрлер жауаппен қарағандары жөн. Ал, жауапкершілік, ынта болмаса, жобада жоба күйінде қалуы мүмкін.  

Сұқбаттасқан Дахан Шөкшир
02.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 72
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565