Көлік пен логистиканы дамыту мәселесі «AMANAT» партиясының басты назарында

Көлік пен логистиканы дамыту мәселесі «AMANAT» партиясының басты назарында

«AMANAT» партиясы жанындағы Көлік және логистика комитетінің отырысында еліміздің транзиттік қуатын арттыру және «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылуы мәселелері талқыланды.

Отырысты аша отырып, Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Самат Ақышев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы реформалар бағытының сабақтастығын айқындайтынына назар аударды. Ал оны іске асыру елдегі жеке бизнестің дамуына тың серпін береді. «Жолдауда көлік мәселесіне қатысты айтылған тапсырмалар қоғам мен жеке бизнесті тарта отырып орындалуы тиіс. Сол арқылы бизнес өз дамуын жоспарлай алады. Салаға инвестиция құяды және ортақ жауапкершілікті арқалайды. Мемлекет басшысы айтқандай: «Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек», – деп атап өтті С.Ақышев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Комитет мүшелеріне Қазақстанның транзиттік қуатын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерді әртараптандыруға жағдай туғызатынын атап өтті.

«Алдымызда осы бағыттың өткізу қабілетін 2025 жылға қарай 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыру міндеті тұр. Атап айтқанда, Ақтау портында әлемдік логистикалық компанияларды тарта отырып, «контейнерлік хаб» салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Каспий теңізіндегі паром флотының тапшылығына байланысты, 10 бірлік өз паромымыздың құрылысын бастау жоспарлануда. Бұған қоса, жылжымалы теміржол құрамын жаңарту мақсатында 2025 жылға дейін 1500 жартылай вагон, 3500 вагон платформа және 310 локомотив сатып алу жоспарланып отыр», – деді вице-министр. Өз кезегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов Еуропа мен Азия елдерінің тұрақты сауда көлемі, теңіз тасымалының тұрақсыздығы мен жоғары құны Қазақстанның көлік дәліздерінің қуатын едәуір арттыратынын атап өтті. «Кейінгі 5 жылда транзиттің жыл сайынғы өсімі орта есеппен 31%-ды құрады. Былтыр рекорд орнады. Яғни, транзит 1 млн ЖФЭ-ден (контейнерлерден) асты. Бұл нәтижеге Үкімет пен ҚТЖ-ның жоспарлы жұмысы арқылы қол жеткізілді. Транзиттік тасымалдардан түсетін кіріс реттелетін қатынастардағы шығындарды жабуды, жолаушылар тасымалын субсидиялауды, тарифтердің өсуін тежеуді қамтамасыз етеді», – деді ол.

Бұл ретте, Самат Ақышев, теміржол тасымалдары нарығындағы негізгі ойыншы мәртебесіне қарамастан, саланың бәсекеге қабілетін арттыру үшін «Қазақстан темір жолы» көлік және логистикалық қызметтер саласына жеке компанияларды кеңінен тартуға ықпал етуі тиіс деп есептейді. «ҚТЖ бір ыңғайлы механизмді пысықтауы қажет. Бұл механизм ҚТЖ-ға ауыртпашылық түсіретін міндеттерді орындауға бизнесті ынталандыруы тиіс. Ашық және әділ ойын ережелерін қалыптастыру керек. Түптеп келгенде, жүк тасымалы тарифінің әр адамға қатысы бар», – деді Комитет төрағасы. Отырыс қорытындысы бойынша, Кеңес бейінді орталық атқарушы орган мен      «ҚТЖ»-ға арналған бірқатар нақты ұсынымдар қабылдады. Атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, бизнесті қорғау және жеке секторды қолдау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 950

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631