КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ - КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ - КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ
Бүгін Шу қаласында орналасқан “АҚ ЖОЛ - 2000” ЖШС-нің автотұрағында болып, мекеменің қазіргі жай-күйімен таныстық. Аудандағы қоғамдық көлік қатынасын реттеп отырған серіктестік бүгінде қалааралық тасымалмен де айналысуда.
Қазіргі таңда серіктестікке қарасты 6 қоғамдық көлік Қант зауыты-Шу қаласы-Төле ауылы аралығында тұрақты жұмыс істеп тұрса, Тоғай мөлтек ауданындағы тұрғындарға 1 көлік қызмет көрсетуде. Дегенмен, әлі де болса бірқатар бағыттар бойынша қоғамдық көліктердің санын көбейтіп, жүру жиілігін арттыру қажет. Дәл осы бағыттағы қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша алдағы уақытта бірқатар шаралар қолға алынатын болады.
Сонымен бірге, 28 наурыздан бастап тұрғындар мен ауыл әкімінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Д.Қонаев-Шу аралығында таңғы 7.00-ден кешкі 19.30-ға дейін бір қоғамдық көлік қатынай бастады. Одан бөлек, өзге де ауылдық округтерден аудан орталығы мен Шу қаласына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін реттеуге мүмкіндік бар. Өкінішке орай, бүгінде оған жүргізуші тапшылығы кедергі келтіруде. Серіктестік басшылығы D категориясы бар жүргізушіге 200-250 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге әзір. Оған қоса, аталған жұмысқа қызығушылық танытып, жұмыс істеуге ниет білдірген жүргізуші табылар болса қосымша 5 бағытта қоғамдық көлік жүргізілетін болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
29.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13961
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13909
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29043
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27701
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31215