Теміржол және әуе көлігі объектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты ескерту, жолын кесу мақсатында осы жылдың 5-7 наурыз аралығында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету объектілерінде «Көліктегі құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара барысында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаева, «Аманат» партиясының өкілі М. Каримбаевпен, Тараз ст. ӘТЖК АҚ және Тараз станциясы теміржол вокзалы қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы жылғы 5 наурыз күні халықпен кездесу өткізілді.
Кездесуде азаматтарға теміржол объектілеріндегі қауіпсіздік туралы, теміржол желісінен белгіленбеген жерлерден кесіп өту, шұғыл тежеу және теміржол бойында орын алатын жарақаттануға алып келетіндігі туралы айтылып, өз алдында әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатыны, сондай-ақ жолаушылар поезының терезелерін сындыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты түсіндірілді.